Ғылым мамандық және қабілеттілік ретінде: Қазақстанның жас ғалымдарының көзқарасы

Авторлар

  • G. S. Abdiraiymova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • G. A. Kenzhakimova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • D. K. Burkhanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
        40 74

Кілттік сөздер:

жас ғалымдар, әлеуметтік мәртебе, ғылым, білім беру жүйесі, ғылыми қызметкерлер, жас оқытушылар, әлеуметтік құндылықтар.

Аннотация

Мақалада Қазақстанның білім беру жүйесі мен ғылым және осы саладағы өзгерістер мен жаңартулар жан-жақты қарастырылған. Жоғары оқу орнының негізгі бағыттары мен мақсаты талданды. Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі мен ғылымды ұйымдастырудың институционалды формаларын жаңарту белсенді жүргізілуде. Жоғары мектепте қалыптасатын жас ғалымдарды әлеуметтік-мәдени топ ретінде зерттеу маңыздылығы Қазақстандық жоғары оқу орындарының жаңа зерттеу мәртебесіне ие болуымен артады. Сондықтан жоғары оқу орындары тек ғылыми кадрларды дайындау сапасына ғана емес, олардың кәсіби жұмысбастылығы мен мансаптық мобильділігіне де жауаптылықты алады. Қазақстандық ғылымның тиімді қызмет етуі жастар арасында тек зерттеу құзыреттіліктерін ғана емес, құзыреттіліктің басқа да түрлерін (тұлғааралық, жүйелік, пәндік) қалыптастыру арқылы мүмкін болады. Осыған байланысты, Қазақстандағы жас ғалымдардың әлеуметтік және мінез-құлықтық сипатын зерттеу және кәсіби тиімділік пен оның әлеуметтік рөлін арттыруды ұсыну негізінде даярлау теориялық және тәжірибелік маңызға ие.

Мақалада «Қазақстанның жас ғалымдары: социологиялық бейнеге негіздеме» атты жобасы аясында 2012 жылдың наурыз айы мен қараша айлары аралығында Қазақстанның жас ғалымдарының қоғамдық пікірін айқындауға бағытталған социологиялық зерттеу қорытындылары ұсынылған. Берілген социологиялық зерттеудің ішінара жиынтығын қалыптастыру, ең алдымен, институционалды анықтамасы толығымен айқындалмаған «жас ғалым» ұғымын жалпылауға және ресмилеуге бағытталған болатын. Бірнеше көрсеткіштерді статистикалық есепке алуға мүмкіндік беретін нақты критерийлердің болмауы нәтижесінде 2010 жылдан бері қазақстандық жоғары оқу орындарындағы докторанттардың саны бойынша ресми статистикалық мәліметтер көрсетілмеген.

«Магистранттар» категориясы да білім беру саласын сандық талдауда есепке алынбайды.

Библиографиялық сілтемелер

1. http://www.stat.kz/digital/obraz/20102/2011/Послевуз_сайт.xls
Қазақстан Республикасы Агенттігі жүргізетін статистикалық бақылауда статистика бойынша барлық кәсіпорындар мен ұйым қызметінің келесідей секторлары бойынша бөлінеді (экономикалық ынтымақтастық пен Даму ұйымдарының ресми ұсыныстарына сәйкес (ЭЫДҰ) ғылыми зерттеу статистикасы бойынша (Фраскати жетекшілігі)): мемлекеттік сектор, кәсіпкерлік сектор, жоғары білім беру секторы, жеке коммерциялық емес сектор.


1. http://www.stat.kz/digital/obraz/20102/2011/Poslevus_sait.xls
Kazahstan Respublikasi Agenttigi jurgizetin statistikalyk bakilauda statistika boyinsha barlik kasiporyndar men yimdar kelesidei sektorlary boyinsha bolinedi (economikalyk yntymaktastik pen damu yimdarinin resmi usinistaruna saikes EYDY gylymi zertteu statisticasi boyinsha (Fraskati jetekshiligi: memlekettik sector, kasipkerlik sector, jogary bylym beru sectory, jeke kommersialik emes sektor.

Жүктелулер

Как цитировать

Abdiraiymova, G. S., Kenzhakimova, G. A., & Burkhanova, D. K. (2013). Ғылым мамандық және қабілеттілік ретінде: Қазақстанның жас ғалымдарының көзқарасы. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 46(3). вилучено із https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/304