ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ДІНИ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v88.i1.09
        146 87

Аннотация

Бұл мақалада қазақтандық қоғамдағы діни және зайырлы құндылықтардың арақатынасының сипаты көрсетілген. Зерттеуші авторлар қазіргі жаһандық әлеуметтік-экономикалық тығыз қатынастардың барысында локальды дәстүрлі мәдениеттерде сандық және сапалық өзгерістер басталғанын және бұл өзгерістердің көрінісі әсіресе діни құндылықтарға деген қоғамдық қатынастарда анықталатынын көрсетуде. Сол себебті зерттеу барысында діндарлық және зайырлылық ұғымдарына түсінік беріліп, бұл үрдістердің сипаты мен ерекшелігі әлеуметтанулық теориялармен ұштастырылады. Авторлардың зерттеуде әлемдік деңгейде мойындалған, американдық әлеуметтанушы Рональд Инглехарттың жетекшілігімен бастау алған, «Дүниежүзілік құндылықтарды зерттеу» (World Values Survey) атты ауқымды жобаның статистикалық мәліметтеріне екінші реттік онлайн талдау жасауы, зерттеудің ғылыми маңыздылығын жоғарылатса, зерттеудің материалдары мемлекеттік басқару саласындағы діни мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін, дін тақырыбына қатысты оқу пәндерінде не арнайы курстарды оқытуда қолданылуы мүмкіндігінің болуы зерттеудің практикалық маңыздылығын жоғарылатады.

         Осылайша мақалада діннің әлеуметтік рөлі, оның зерттеудің маңыздылығы туралы айтылып, дінді әлеуметтанулық теориялар негізінде талдаудың ерекшелігі келтірілген. Зерттелініп отырған тақырып аясында авторлар әлеуметтанулық теориялар қатарынан әлеуметтанушы ғалымдар Рональд Инглехарт және Уэйни Бейкердің әлеуметтік-мәдени өзгерістердің интегративті теориясын, П.Сорокиннің әлеуметтік өзара әрекеттесу теориясын негізге алады. Авторлар осы айтылған теориялардағы идеяларды қазақстандық қоғамдағы мәдени өзгерістердің бір қыры ретінде көрсетіп, дінге қатысты құндылықтардың өзгерістерін сипаттайды. Зерттеу мәліметтерінен біз діни немесе таза дәстүрлі құндылықтардың қазақстандық қоғамның негізгі сипаттамасы емес екенін және халық арасында тек азаматтық қоғамда көрініс табатын қазіргі заман үлгісіндегі постматериалистік ұмтылыстың, құндылықтардың таралу көрсеткіші бар екендігін көреміз.

Осы мақалада келтірілген әлеуметтануық мәліметер мен теориялар негізінде авторлар Қазақстан қоғамындағы діни және зайырлы құндылықтардың арақатынасын теориялық және эмпирикалық деңгейлерде зерттеп, қазіргі қазақстандық қоғамдағы діни ерекшеліктің сипаттамасын жасай келе, бұл мәселені институционалды түрде қарастыру маңызды деп санайды. Себебі дін қоғамдық өзгерістер бейнесін құрайтын негізгі әлеуметтік институттардың бірі.

Түйін сөздер: дін, діндарлық, зайырлылық, дәстүрлілік, әлеуметтік-экономикалық өзгеріс.

Авторлардың биографисы

М. Абдикакимов, Шәкәрім университеті, Қазақстан, Семей

(корреспондент автор) – PhD, "Тарих" кафедрасының аға оқытушысы, Шәкәрім университеті КЕАҚ "Әлеуметтік мониторинг және болжау орталығының" бас маманы, Қазақстан, Семей қ., e-mail: muhtar.abdikakim@mail.ru

М. Карибаев, Шәкәрім университеті, Қазақстан, Семей

PhD, Шәкәрім университеті КЕАҚ "Тарих" кафедрасының оқытушысы Қазақстан, Семей қ., e-mail: maksat.karibaev@bk.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Абдикакимов, М. ., & Карибаев, М. . (2024). ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ДІНИ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 88(1), 110–125. https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v88.i1.09