ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v89.i2.08
        146 71

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білімнің (ТжКБ) тәуелсіздік жылдарындағы дамуына әлеуметтік талдау берілген.

Зерттеу тақырыбының ауқымдылығына байланысты бұл мақалада Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ресми статистика мен ұлттық есептерді өңдеуге негізделген қосымша деректерді талдау нәтижелері берілген. Жұмыста келесі әдістер қолданылды: статистикалық салыстырмалы, талдау және синтез, болжау әдісі.

Зерттелетін саладағы мәселелер бірқатар факторларға байланысты: қазақстандық жастар арасында техникалық мамандықтар бойынша оқыту беделінің төмендігі; ТжКБ бойынша алынған дағдылар мен еңбек нарығының талаптары арасындағы сәйкессіздік; жұмыс берушілердің (бизнес өкілдерінің) ТжКБ мазмұнын дамыту үдерісіне қатысуға төмен қызығушылығы; мемлекеттік іс-шараларды іске асыру тиімділігін бағалаудың талдау құралдарының болмауы.

Мемлекет қабылдаған іс-шараларға қарамастан, білім беру саласындағы өзекті мәселелер бүгінгі күнге дейін өз шешімін таппады. Талдау нәтижелеріне сәйкес: болашақ түлектің жұмысқа орналасуына ықпал ететін білім сапасы және техникалық мамандықтарға бағдарлануы мәселелері шешілмеген; бизнес субъектілері колледждермен әлеуметтік серіктестік орнатуға қауқарсыз, алайда, техникалық мамандықтарға деген сұраныс азайған емес. Жүргізілген зерттеулердің Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту үшін теориялық және практикалық маңызы бар.

Түйінді сөздер: техникалық және кәсіптік білім, ТжКБ желісі және контингент, мемлекеттік тапсырыс, материалдық-техникалық база, кадрлық ресурстар, бизнес және ТжКБ.

 

Авторлардың биографисы

Д. Нургожаева, Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

(корреспондент автор) – әлеуметтану  кафедрасының 2 курс докторанты,  e-mail: dnurgozhaeva@gmail.com

Б. Каримов, Гуманитарлы-техникалық академиясы, Көкшетау, Қазақстан

кономика ғылымдарының кандидаты, экономика және қаржы кафедрасының доценті,  e-mail: baurka@yahoo.com

К. Мухамбетова, Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, әлеуметтану кафедра  меңгерушісінің міндетін атқарушы, e-mail: mukhambetova74@inbox.ru

 

Жүктелулер

Как цитировать

Нургожаева, Д., Каримов, Б., & Мухамбетова, К. (2024). ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛДАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 89(2), 91–100. https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v89.i2.08