ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҰСТАНЫМДАРЫ МЕН КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v86.i3.011
        222 157

Аннотация

Кәсіби ұстанымдар жеке қалаулар мен әлеуметтік ортаның ықпалында қалыптасатын  кәсіби таңдаудың негізі. Кәсіби ұстанымдардың қалыптасуына мақсатты түрде кәсіби бағдарлау жұмысы ықпал етеді. Кәсіби бағдарлау жоғары сынып оқушысының кәсіби ұстанымдарын еңбек нарығының сұранысына сәйкестендіруге және ұлттық экономика талаптарына сай еңбек ресурсының рационалды бөлінуіне бағытталады. Мектепте жүргізілетін кәсіби бағдарлау жұмысына, ақпараттану деңгейінің артуына,  мемлекеттік оқу гранттарының көбеюіне қарамастан болашақ мамандықты таңдауда оқушылар бірқатар қиындықтармен кездеседі. Бұл олардың мамандық бойынша жұмыс істемеуіне, қайта оқуына және еңбек нарығында бәсекелестікке қабілеттілігінің төмендеуіне әсер етеді. Мақалада 2022 жылы жоғары сынып оқушылары арасында жүргізілген зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты қазақстандық мектептерде оқитын жоғары сынып оқушысының кәсіби ұстанымының қалыптасу ерекшелігін анықтау және кәсіби бағдарлаудың ықпалын талдау. Зерттеу нәтижелері жоғары сынып оқушыларының басым көпшілігі бастапқы кәсіби бағдарын өзгерткенін көрсетеді. Өзгерістердің болуына әсер еткен маңызды  факторлардың алғашқы үштігін еңбек нарығындағы өзгеріс,  «маңызды өзгелердің» кеңестері, жұмысқа тұру мүмкіндігінің ерекшелігі құрайды. Зерттеу кәсіби бағдарлау жұмысының жүргізілуі мектеп типі бойынша ерекшелігін айқындады. Мақалада берілген зерттеу нәтижелері мектепте кәсіби ұстанымдардың қалыптасу ерекшелігін түсінуге және оған әсер ететін факторлар маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер:  жоғары сынып оқушылары, кәсіби ұстанымдар, кәсіби бағдарлау, кәсіби таңдау, тартымды мамандықтар, мамандықты таңдау.

Жүктелулер

Как цитировать

Shnarbekova, M. K. (2023). ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҰСТАНЫМДАРЫ МЕН КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 86(3), 126–138. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v86.i3.011