ЭМОЦИОНАЛЫҚ КҮЮ СИНДРОМЫ: ТҮСІНІККЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ШОЛУ ЖӘНЕ ОНЛАЙН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІ СУБЪЕКТІЛЕРІНДЕГІ ОНЫ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v86.i3.02
        320 269

Аннотация

Бұл мақалада білім беру процесі субъектілерінің - оқушылардың, студенттердің, Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мұғалімдерінің, қашықтықтан және онлайн оқыту жағдайларындағы эмоциялық күйлерін зерттеу нітижелері ұсынылған; олардың жағымды және жағымсыз жақтары айқындалады. Онлайн оқыту мұғалімдер мен оқытушылардың эмоциялық, энергетикалық және тұлғалық ресурстарының сарқылуына әсер ететін фактор ретінде қарастырылады. Оқыту процесінде интеллектінің дамуы мен білім алу ғана емес, сонымен қатар тұлғаның қалыптасуы, әлеуметтенуі, тұлғаның кәсіби қалыптасуы да жүзеге асады.

Зерттеудің өзектілігі оқу процесінің субъектілері қазіргі уақытта өз бетінше күресуге мәжбүр болған бір қатар жаңа қиындықтардың пайда болуымен анықталады: сыныптастарымен, курстастарымен, әріптестерімен тікелей байланыстың болмауы; физикалық белсенділіктің азаюы, үнемі компьютердің алдында отыру. Практикалық және ғылыми мәні қашықтықтан және онлайн оқытудың білім беру процесінің барлық субъектілерінің психоэмоционалды күйлеріне әсерін анықтауда, олардың психологиялық және физикалық денсаулығын жақсарту бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеуде жатыр.

Зерттеуге 300 адам (білім беру процесінің субъектілері: 5-11 сынып оқушылары, студенттер, мұғалімдер мен ЖОО оқытушылары) қатысты. Қойылған міндеттерді шешу үшін «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы оқушылардың, студенттердің, мұғалімдер мен оқытушылардың эмоционалды және физикалық күйлері» онлайн сауалнамасы әзірленді. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша білім беру процесінің субъектіне арналған бірқатар ұсыныстар тұжырымдалды.

Кілт сөздер: қашықтан және онлайн білім беру; эмоционалды күю; білім беру процесінің субъектілері; психоэмоционалды күй.

Жүктелулер

2023-09-07 — Обновлена 2023-11-02

Нұсқалар

Как цитировать

Kabakova, M. P., Nutfullina, A. R., Sheveleva, D. D., Axakalova, Z. K., & Berdibayeva, S. K. (2023). ЭМОЦИОНАЛЫҚ КҮЮ СИНДРОМЫ: ТҮСІНІККЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ШОЛУ ЖӘНЕ ОНЛАЙН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІ СУБЪЕКТІЛЕРІНДЕГІ ОНЫ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 86(3), 14–26. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v86.i3.02 (Original work published 07, Вересень 2023)