Қала ауқымындағы қауіпсіз ЛГБТК+ кеңістіктерінің маңызы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v85.i2.09
        150 153

Аннотация

Бұл мақала қауіпсіздік пен инклюзивтілік призмасы арқылы қалалық қоғамдық кеңістіктерді зерттеуге үлес қосуға, сондай-ақ осы кеңістіктердің сексуалдықты немесе гендерлік сәйкестікті қалыптастыруға және қабылдауға әсері арасындағы байланысты қарастыруға бағытталған. Бұған дейін Қазақстанда осы тақырып аясында зерттеулер жүргізілмеген. Қалаларды дамыту, қаладағы жайлылықты қамтамасыз етуде қауіпсіздік пен инклюзивтік саясатын дамыту маңызды рөл атқарады. Алайда әлеуметтік және институционалдық стигма, кемсітушілік және маргиналданған топтардың көрінбеуі әлеуметтік оқшаулануға әкеледі, бұл кейіннен сол топ мүшелерінің қаланың қоғамдық-саяси өміріне толық қатысуына кедергі келтіреді. Сандық зерттеу негізінде (N=300, орта жасы=24.9) қауіпсіздік тұжырымдамасы, қаладағы қоғамдық кеңістіктердің ЛГБТК+ға қатысты инклюзивтілігі қарастырылып, сонымен қатар қауіпсіз кеңістіктерді қалыптастырудың сипаттамалары мен ерекшеліктері зерттелді. Сонымен қатар қалалық кеңістіктердің тұлғаның сексуалдық және гендерлік сәйкестікті қалыптастыру мен қабылдау процесімен байланысы қарастырылды.

Нәтижесінде, қауіпсіз ЛГБТК+ кеңістіктері ЛГБТК+ның әлеуметтік-психологиялық әл-ауқатын және жайлылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратыны, инклюзивті ортада әлеуметтену мүмкіндігін беретін қалалық ортаның бір бөлігі екені айқындалды. Зерттеудің маңыздылығы ұсынылған деректердің қазақстандық әлеуметтануда аз зерттелген, қаладағы қоғамдық кеңістіктердің инклюзивтілігі мен қауіпсіздігі призмасы арқылы сексуалдық және гендерлік сәйкестікті қалыптастыру және қабылдау мәселелерін түсінуге ықпал ететіндігінде. Мақалада қазақстандық контексті ескере отырып, қаланың қоғамдық кеңістігінде қауіпсіздік пен инклюзивтік саясатын кеңейту бойынша ұсыныстар берілген.

Түйін сөздер: қауіпсіздік, қоғамдық кеңістік, инклюзивтілік, ЛГБТК+, әл-ауқат, кемсітушілік.

Жүктелулер

Как цитировать

Kospakov, A. M., Shaikezhanov, A., & Kylyshbayeva, B. N. (2023). Қала ауқымындағы қауіпсіз ЛГБТК+ кеңістіктерінің маңызы. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 85(2), 86–101. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v85.i2.09