Студенттердің жұмыс пен оқуды ұштастыру қиындықтарына әлеуметтанулық талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v85.i2.07
        142 146

Аннотация

Бұл мақалада студенттердің оқуы мен жұмысын бірге алып жүру мәселесі және ондағы кездесетін қиыншылықтар қарастырылды. Зерттеу нәтижелерін талдау негізінде, студенттерді ынталандыратын себептер, сонымен бірге, қосымша жұмыс жасау барысында кездесетін проблемалар және оны шешу жолдары ұсынылған. Студенттердің жұмыс іздеу кезіндегі мотивациясы, жұмыс пен оқуды бірге алып жүрудің академиялық үлгерімге әсері туралы тақырыптар қарастырылған. Зерттеу нысаны – қосымша жұмыспен қамту себептерімен байланысты міндеттерді шешу үшін Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері алынды. Зерттеу мақсаты – қазіргі жағдайда студенттердің қосымша жұмыспен қамтылу себептерін, сондай-ақ оқу мен жұмысты үйлестіре отырып кездесетін қиындықтарды айқындау. Зерттеу міндеті – студенттердің жұмыспен қамтылу құрылымын сипаттап, талдауларға сәйкес студенттердің жұмыс істеуіне мәжбүрлейтін мотивті анықтау болды. Автор тақырып бойынша әдебиет көздерін талдай келе, студенттердің оқу мен мамандық бойынша жұмысты бірге алып жүруі студенттің кәсіби қалыптасуына оң әсер етеді деген нәтижеге келді. Бар зерттеулердің жалғасы ретінде автор студенттерге мамандық бойынша жұмыс істеуге не кедергі келтіретіндігін білу үшін сауалнама әдісін қолданды. Мақалада сауалнама қорытындылары көрсетілген.

Түйін сөздер: жастар, жұмыспен қамту, студенттер, мотивация, оқу, оқу үлгерімі, кәсіби даму.

Жүктелулер

Как цитировать

Avsydykova, K. A. (2023). Студенттердің жұмыс пен оқуды ұштастыру қиындықтарына әлеуметтанулық талдау. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 85(2), 66–73. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v85.i2.07