Қашықтан оқытудағы мұғалімдердің еңбек күйзелісі: директордың рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v85.i2.04
        132 118

Аннотация

Бүкіл әлемде, соның ішінде Индонезияда, COVID-19 пандемиясынан кейін қашықтан оқыту енгізілді. Алдыңғы зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, бұл кезеңде мұғалімдерге өз міндеттерін орындауға шамадан тыс жүктеме жүктелді, бұл еңбек күйзелісіне әсер етті. Бұл зерттеуге COVID-19 пандемиясы кезінде онлайн білім беретін 98 мұғалім қатысты. Зерттеу еңбек күйзелісі шкаласы мен ашық сауалнаманы қолдану арқылы жүргізілді. Алынған нәтижелер мұғалімдердің онлайн-тренинг кезінде орта санаттағы кәсіби күйзелісті бастан кешіргенін көрсетті. Әйел мұғалімдерге қарағанда ер мұғалімдерде стресс деңгейі жоғары болды. Стрестің дамуына ықпал ететін мұғалімдердің мәселелері үш санатқа бөлінді: мұғалімдермен, оқушылармен және техникалық қолдаумен. Сондай-ақ оқу орнының басшысы ретінде туындай-тын мәселелерді шешуде директордың маңызды рөл атқаратынын зерттеу көрсетті.

Осы зерттеу нәтижелері бойынша мұғалімдер COVID-19 пандемиясы кезінде, онлайн оқыту кезінде орташа және жоғары санаттағы жұмыс стресін бастан кешіреді деген қорытындыға келді. Олар уақытты басқару қиындығы, оқу нәтижелерін бағалау қиындығы және оқушылардың тап-сырмаларды елемеуі, онлайн сабаққа бағынбауы, оқушылардың енжарлығы нәтижесінде пайда болатын оқушының оңтайлы емес білім алуы сияқты қиындықтарға тап болды.

Түйін сөздер: жұмыстағы стресс, қашықтан оқыту, онлайн оқыту, мұғалімнің стресі, басты рөл, үйге жұмыс, COVID-19 пандемиясы.

Жүктелулер

Как цитировать

Herdian, H., Fauzan, A., & Haryanto, T. (2023). Қашықтан оқытудағы мұғалімдердің еңбек күйзелісі: директордың рөлі. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 85(2), 34–40. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v85.i2.04