Қазақстандағы еңбек нарығындағы әйелдерді жұмыспен қамтудың тиімділігін бағалау

Авторлар

  • A. A. Beissenova Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды, Қазақстан http://orcid.org/0000-0003-4059-3093
  • N. K. Rakisheva Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды, Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-5845-9282

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v82.i3.015
        148 208

Аннотация

Осы мақалада біз Қазақстан Республикасындағы әйелдердің жұмыспен қамтылуы мен гендерлік теңсіздік мәселелерін көтереміз. Мақалада еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін сипатталады және талданады, сонымен қатар еліміздегі әйелдердің жұмыспен қамтылуының сипаттамалары мен ерекшеліктері анықталады. Бұл мәселе күн тәртібінде өзінің өзектілігі мен шешілмеуіне байланысты маңызын жоғалтпаған. Мемлекет өз тарапанын аталған   мәселелерді шешуге тырысады, бірақ қабылнанып жатқан бағдарламалардың тиімділігі мен нәтижелері өңірлерде жүзеге асыру барысында көптеген сұрақтар мен түсінбеушіліктерді тудыратыны көрсетеді. Әйелдердің, оның ішінде ауыл әйелдерінің жұмыспен қамтылуы әлеуметтік шиеленіс деңгейін төмендетеп, көптеген әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді шешеді. Қазақстандық әйелдерді жұмыспен қамту ішкі саясаттың басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Тұрмыстық негіздегі зорлық-зомбылықтың, әйелдердің өз-өзіне қол жұмсауының  жиілеп кеткені әйелдер мәселелерінің шешілмегендігінің жанама дәлелі болып табылады.

Әйелдердің жұмыспен қамтылуын іске асыру саласындағы мемлекеттік саясат өңірлердің әлеуметтік-экономикалық және өзге де даму ерекшеліктерімен үйлесуге тиіс екенін есте ұстаған жөн. Жалпы жұмыспен қамтудағы әйелдердің үлесі ерлердің үлесіне тең болса да, бүгінде әйелдердің мүмкіндіктері бірдей деп айтуға болмайды.

            Осы мақалада әйелдердің жұмыспен қамтылуы және ҚР гендерлік теңсіздіктің рөлі мен маңызына қатысты қазақстандық және шетелдік ғалымдардың жұмыстары, ғылыми тұжырымдамалары аналитикалық материал ретінде қолданылады. Бұл жұмыс әйелдерді жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты түзетуде пайдалы болуы мүмкін.

Мақалада еңбек нарығындағы әйелдерді жұмыспен қамту және оның тиімділігін бағалау бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері жинақталып, талданған. Жүргізілген талдау карантиннен кейінгі кезеңде бұл мәселені егжей-тегжейлі зерттеуге негіз болды.

Түйінді сөздер: гендерлік саясат, гендерлік теңсіздік, жұмыссыздық, жұмыспен қамту саласы, әйелдерді жұмысқа орналастыру.

Жүктелулер

Как цитировать

Beissenova, A. A., & Rakisheva, N. K. (2022). Қазақстандағы еңбек нарығындағы әйелдерді жұмыспен қамтудың тиімділігін бағалау. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 82(3), 159–166. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v82.i3.015