Қазақстанда мұғалім мамандығын таңдау: кәсіптік бағдарлау үлгілері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.024
        156 142

Аннотация

Бұл мақаланың мақсаты – Қазақстандағы мұғалім мамандығын таңдауға әсер ететін факторларды талдау және олардың нәтижелерін көрсету. Жасалған талдаудың теориялық және практикалық маңызы жоғары, өйткені мұғалім мамандығын таңдаудағы өзара байланысты көрсететін аспектілерді түсіну осы бағытта кәсіптік бағдар берудің сәтті болуына ықпал етеді. Эмпирикалық негіз ретінде мақалада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) бастамасымен жасалған Teaching and Learning International Survey (TALIS) халықаралық зерттеу жобасының кейбір нәтижелері берілген. Соңғы рет жүргізілген сауалнама 2018 жылы әлемнің қырықтан астам елінде жүзеге асырылды, негізі бұл жоба үшінші рет өткізілді. Соңғы зерттеуге Қазақстан алғашқы рет қатысты. Жоба мұғалімдер мен мектеп директорларына қатысты әртүрлі аспектілерді зерттеуге бағытталған, мысалы: кәсіби біліктілік, мамандық таңдаудағы алғышарттар, ағымдағы жұмыс, кәсіби даму, әріптестер арасында өзара әрекеттестік, ұтқырлық, оқыту жүйесі және жұмысқа қанағаттану мәселелері. Талдауда көрсетілгендей, мұғалімдердің басым бөлігі үшін мамандық таңдауда материалдық емес құндылықтар алға қойылады, қоғамға мұғалім ретінде өзіндік үлес қосу мүмкіндігі, сондай-ақ балалар мен жастардың дамуына әсер ету мүмкіндігі сияқты жоғары моральдық мақсаттар материалдық қалаулардан маңызды. Сонымен қатар, корреляциялық талдаудың нәтижелері белгілі бір дәрежеде көрсеткендей, мұғалім неғұрлым жас болса, олар үшін мұғалім мамандығын таңдауда сенімді және тұрақты табыс маңыздырақ. Ал жастар үшін мұғалімдікті таңдау кезінде болашақтағы тұрақты мансап маңыздырақ болады.

Түйін сөздер: мамандық таңдау, мұғалім, халықаралық жоба, TALIS, мотивация, кәсіптік бағдар беру.

Жүктелулер

Как цитировать

Shabdenova А., Nurymbetov, Y., & Kozhanov, K. (2022). Қазақстанда мұғалім мамандығын таңдау: кәсіптік бағдарлау үлгілері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 81(2), 250–260. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.024