Әлеуметтік өлшемдер аясындағы мемлекеттік тіл саясат пен қазақстандық білім алушылардың лингвистикалық тәжірибесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.017
        137 209

Аннотация

Мақала мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылған ҚР тіл саясатын бағалауды зерттеудің нәтижесі болып табылады. Зерттеу мақсаты Қазақстанның жалпы білім беретін мектептері мен колледжде білім алушылардың үш этникалық топтары – қазақтар, орыстар және басқа да этностар бөлінісінде, сол сияқты шағын этностарды қосқандағы күнделікті сөйлеу тәжірибесін зерделеу болып табылады. Зерттеудің негізгі бағыттары –үш этникалық тобындағы жастардың мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру деңгейін анықтау, осы тілдердің этникалық өлшемде қолданылу аясы және жастардың тілдік тәжірибесі мен стратегияларын талдау. Зерттеу әдістемесі- әлеуметтанудың сандық әдісі, жаппай сауалнамалық сұрау, іріктеу көлемі-ҚР 14 өңірінен және Республикалық маңызы бар 3 қаладан 12-17 жас аралығындағы 1000 оқушы. Зерттеудің негізгі нәтижелері келесілер: мемлекеттік тіл қазақ этносы өкілдерінің тілдік тәжірибеде басым болады, ал оның қолданылу аясы отбасымен және білім беру объектілерімен шектеледі, ал ел жастарының тілдік практикасында орыс тілінің үстемдігін және оның қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында белсенді қолданылуын көрсететін біржақты, регрессивті емес билингвизм басым болады. Жұмыстың тәжірибелік құндылығы республиканың тіл саясатын жетілдіру үшін деректерді пайдалануда және тиісті тақырып бойынша оқытушылардың дәрістерді әзірлеуінде зерттеулердің нәтижелерін қолдануда көрінеді.

Түйін сөздер: билингвизм, тілдің қолданылу аясы, қазақстандық жастар.

Жүктелулер

Как цитировать

Italmassova, R. B., Satybaeva, A. U., & Yeralieva, Y. A. (2022). Әлеуметтік өлшемдер аясындағы мемлекеттік тіл саясат пен қазақстандық білім алушылардың лингвистикалық тәжірибесі. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 81(2), 176–188. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.017