Зорлық-зомбылық комикстер индустриясындағы ойын-сауқтың негізгі түрі ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v80.i1.11
        451 377

Аннотация

 

Жас ұрпақтың комикстерді тұтыну мәдениеті комикс индустриясында өздерінің сүйікті кейіпкерлеріне еліктеу салдарынан қатыгез ойлауды қалыптастырудың алғышарттары мен салдарының жеткілікті кең ауқымымен маңызға ие болып келеді. Зерттеудің мақсаты комикстерді

«Z» ұрпағының әлеуметтенуінің жетекші агенті ретінде анықтау, комикс пен анимедегі зорлық- зомбылық сипатын қазақстандықтардың өскелең ұрпағы арасындағы суперқаһармандардың, суперзұлымдар мен антиқаһармандардың танымалдылық дәрежесін анықтау арқылы түсіндіру болып табылады. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері комикс индустриясының өнімдерін өскелең жас ұрпақ норма ретінде қабылдайды, ол өз кезегінде олардың құрдастарына деген агрессивтілігінен көрініс табады. Комикстер индустриясының тұтынушылары әлдеқайда мойынсұнғыш және беделді режиссерлерге табынғыш келеді, ал олардың туындыларына деген жеке көзқарасы болмайды. Жас ұрпақтың түйсіктері экранда көргендеріне байланысты өздерінің ішкі күйін өзгертеді. Комикстер әлемінде қарама-қайшылықтың тең күшіне ие жақсылық пен жамандықтың логикасы қалыптасады. Көрерменге кімнің жағына болысу керектігі туралы таңдау беріледі. Мұндағы парадокс – бұл антиқаһармандар мен суперзұлымдардың кейбір суперқаһармандарға қарағанда жанкүйерлерінің көбірек болуында. Комикстер индустриясының екілік логикасы жасөспірімнің ой-өрісіндегі теңгерімсіздікті тудырады. Мәселені зерттеу 600 респонденттің социологиялық сауалнамасына негізделген.

Түйін сөздер: зорлық-зомбылық, медиа комикстер, комикстер индустриясы, суперқаһар- мандар, суперзұлымдар, антиқаһамандар.

Жүктелулер

Как цитировать

Mussin, A. (2022). Зорлық-зомбылық комикстер индустриясындағы ойын-сауқтың негізгі түрі ретінде. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 80(1), 128–139. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v80.i1.11