Номофобияны эксперименттік зерттеу (Ресей, Украина, Беларусь)

Авторлар

  • L. M. Gitikhmayeva Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0001-8093-6113
  • A. S. Mambetalina Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0003-4158-8368

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v79.i4.02
        195 327

Аннотация

Ұялы телефондар қазіргі уақытта адамзат қолданатын ең кең таралған гаджеттердің бірі болып табылады. Мобильді құрылғылар ұсынатын мүмкіндіктер гаджеттер нарығында шығарылған әрбір жаңа модельмен бірге кеңейіп, адамның мобильді құрылғылармен қарым- қатынас жасау сапасына және уақытына әсер етеді. Сонымен қатар, смартфонды жиі қолдану әрқашан орынды емес және номофобияның, яғни ұялы телефонға тәуелділіктің симптомы болуы мүмкін. Соңғы онжылдықта белсенді жүргізілген зерттеулер бұл құбылыстың әр түрлі елдер мен әлеуметтік топтарда таралу дәрежесін көрсетеді. Мақаланың мақсаты – Ресейде, Беларусьте және Украинада жүргізілген номофобияға қатысты эксперименттік зерттеулерге аналитикалық шолуды алғаш рет ұсыну. Бұл зерттеулер әртүрлі жеке және мінез-құлық ерекшеліктерімен біріктіре отырып, зерттелген номофобия феноменінің түсінігі мен мәнін ашады. Әртүрлі зерттеушілер жүргізген номофобияның он эксперименттік зерттеулерінің нәтижелері ұсынылып, олар бойынша алынған мәліметтер сипатталған. Орыс, украин, белорус авторларының зерттеулері: Е.Е. Верхотурцева, Е. Шарабарина, Д.А. Панкратова, Д.В. Долгушина, А.П. Белова, О.Е. Борисова, М.Ф. Напалкова, Е.Г. Сарока, Г.А. Агасян, И.М. Сквира, Е.А. Куливар, А.Д. Каткова, С.Н. Чепелевой респонденттердің әртүрлі әлеуметтік, жас және гендерлік топтарындағы номофобия көрінісінің ерекшеліктерін көрсетеді. Зерттеулерде авторлық сауалнамалар арқылы номофобияны зерттеуге және оның респонденттің әртүрлі психикалық процестерімен және жеке басының күйлерімен байланысын байқауға әрекет жасалды. Әртүрлі елдердегі жастар мен әйелдерден номофобияның көрініс табуының ортақ сипаттамалары анықталды. Номофобияны зерттеудің терминологиялық және психодиагностикалық аппаратының қалыптасуы мен зерттеу заңдылықтары талданған. Мақалада номофобияны теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерттеу жоспарын талдау, диагностикалық материалды іріктеу мен іріктеу тәртібі көрсетілген. Зерттеу эксперименттік зерттеулерді ұйымдастырудың жалпы формаларын бөліп көрсетуге және қосымша зерттеуді қажет ететін тақырыптар тізімін анықтауға мүмкіндік берді. Мақала Қазақстан жастары арасындағы номофобияны кең ауқымды эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру мақсатында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша тұжырымдалған қорытындылар мен ұсыныстармен аяқталады.

Түйін сөздер: гаджеттер, номофобия, смартфон, нашақорлық, телефонға тәуелділік, фобия, әлеуметтік желілер, тәуелділік.

Жүктелулер

Как цитировать

Gitikhmayeva, L. M., & Mambetalina, A. S. (2021). Номофобияны эксперименттік зерттеу (Ресей, Украина, Беларусь). ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 79(4), 14–22. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v79.i4.02