Эмоционалдық құзыреттілік ұстаздардың психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтудың факторы ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v77.i2.03
        131 233

Аннотация

Бұл мақалада мұғалімдердің психикалық денсаулығы деңгейімен эмоционалды құзыреттіліктің өзара байланыс зерттеу нәтижелері келтірілген.  Бұл  зерттеуде  эмоционалды  құзіреттілік пен психикалық денсаулық мәселелері мектеп мұғалімінің жұмысы аясында қарастырылады. Қарастырылған тақырып «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында маңызды орын алады, себебі жұмыста мұғалімдердің эмоционалдық құзыреттілігінің төмен деңгейінің салдарынан депрессияның, суицидтің және психикалық денсаулықтың басқа да мәселелерінің ықтимал себептерін анықтауға мүмкіндік беретін психикалық денсаулыққа байланысты проблемалар қарастырылады.

Зерттеу эмоционалды құзыреттіліктің психикалық денсаулығымен өзара байланыс туралы білімді кеңейтеді, мұғалімдердің өзінің және басқалардың эмоциясын басқару қабілеттілігін, өзінің және басқалардың эмоцияларын түсінуін, келтірілген дағдылардың психикалық денсаулығын сақтауға әсерін қарастырады. «Психикалық денсаулық» және «эмоционалды құзыреттілік» ұғымдары нақтыланған.

Зерттеу нәтижелерін психофизиологиялық ауытқулар себептерін анықтауға, адам өмірінің түрлі салаларында қиын, қарама-қайшы байланыстың себептерін талдау үшін пайдалануға болады. Мұғалімдердің психикалық денсаулығын сақтау және нығайту бойынша ұсыныстарды практикалық психологтар, кеңесші-психологтар қолдана алады. Зерттеу нәтижелерін әртүрлі психикалық күйлер мен қарым-қатынастарға, мінез-құлық бұзылыстарына, жеке тұлғаның шекаралық бұзылыстарына, девиантты мінез-құлыққа, посттравматикалық синдромдарға психологиялық кеңес беру, психокоррекция және психотерапия практикасында қолдануға болады.

Түйін сөздер: эмоционалды құзыреттілік, психикалық денсаулық, орта мектеп мұғалімдері.

Жүктелулер

Как цитировать

Dzhakupova, M. A., & Dzhakupov, M. S. (2021). Эмоционалдық құзыреттілік ұстаздардың психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтудың факторы ретінде. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 77(2), 19–27. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v77.i2.03