The psychological analysis of bully profile via peers report
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v75.i4.01Аңдатпа
Бұл мақала қазіргі жастардың өмірінің барлық салаларында ерекшеленетін әртүрлі формалары мен көріністерін буллинг мәселесіне арналған. Ұсынылған мақалада Ақтөбедегі жоғары оқу орындарында буллингтің қаншалықты таралғандығы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты қазақ және орыс тілдерінде сөйлейтін екі топтағы булли бейнесіне қатынасын анықтау және агрессивті мінез-құлықты бағалау тәсілдерінің айырмашылықтарын анықтау болды. Біздің респонденттер Ақтөбедегі жекеменшік және мемлекеттік университеттерінде әр түрлі бағыттары бойынша оқитын жоғары курс студенттері болды (N = 115), оның 58-і орыс тілді студенттер, 57-і қазақ тілді студенттер, жасы (Me = 18,7). Зерттеу үшін сауалнама жасалды, оның көмегімен буллерлердің жеке қасиеттері анықталды. Сауалнамада буллердің жеке басын сипаттауға арналған, он жұп антонимнен тұратын биполярлық шкала қолданылды. Субъектілер «үстемдік», «психологиялық тұрақтылық» сияқты бірқатар буллинің ерекшеліктерін атап өтті. Эксперимент нәтижесінде респонденттердің тілімен байланысты булли профилін бағалауда белгілі бір ерекшеліктер бар екендігі анықталды. Орыс тілді топқа қатысушылардың 47,5%-ы өздерінің «сырттан бақылаушылар» екенін, 27%-ы құрбан болғандарын атап өтті. Қазақ тілді топта қатысушылардың 37,1%-ы мектепте қорлық көрді, 40,4%-ы бұзақылықтың куәсі болды. Сонымен бірге, зерттеудің нәтижесінде қазақ тілді топтағы респонденттерінде әр түрлі жауаптары болды, олар сонымен бірге буллиге зорлаушы мен жәбірленушінің ерекшеліктеріне ие қарама-қайшы сипаттамалар берді. Екі үлгідегі булли бейнесін бағалау тәсілдерінің айырмашылығы айтарлықтай, бұл қосымша зерттеуді қажет етеді.
Түйін сөздер: буллинг, семантикалық дифференциал, булли, студенттер, доминант, құрбан болғандар, стигматизация.









