Жасөспірімдерге мамандық таңдауда кәсіби бағдар берудің маңыздылығы

Авторлар

  • Zh. А. Beisenbayeva Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • O. S. Sangilbayev Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • T. Mustafa Нийде Омер Халисдемир университеті

DOI:

10.26577/JPsS.2020.v73.i2.20

Аңдатпа

Мақалада жасөспірімдерге педагогикалық және психологиялық тұрғыда кәсіби бағдар берудің маңызды ерекшеліктері қарастырылған. Бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін-өзі тануы арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы  және  оған  бейімделу  мәселесі  туындауда.  Жеке тұлғаның барлық қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашып, салауатты өмір салтына үйретіп және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін жасөспірімдердің психологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдап алуына педагог-психолог мамандар көмек көрсетуі керек.

Кәсіптік бағдар дегеніміздің өзі – бұл мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылығының, кәсіптік ынтасына және қоғамның әр түрлі деңгейдегі біліктілігі және  әр түрлі мамандық кадрларына сұранысымен жасөспірімдерді дайындаудағы бағытталған іс-әрекет. Кәсіптік бағдардың қоғамдық мәселесі оқушылардың еңбектік және кәсіптік дайындығына жауаптылардың іс-әрекеттері басты роль атқарады. Соның негізінде теориялық даму деңгейі, кәсіби бағдар беру принциптері мен әдіснамалық мәселелер де қалыптасады. Осы арқылы жасөспірімдердің мамандық таңдауда көздері ашық болып, өздерінің болашақ өміріне не қажет екендіктерін біршама ұғынып, өз қалауымен әрі саналы түрде таңдау жасай алуына дұрыс мүмкіндіктер береді.

Түйін сөздер: жасөспірім, кәсіби бағдар, психофизиологиялық сауалнамалар, мотивация, тренинг, танымдық принцип, даму, іс-әрекет т.б.

Жарияланды

2020-07-24

Журналдың саны

Бөлім

Шетелдік әріптестердің мақалалары