Ағза донорлығы туралы әлеуметтік түсініктердің теориялық-методологиялық негізі
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v73.i2.13Аңдатпа
Мақалада ағза донорлығы туралы әлеуметтік түсініктер теориялық-методологиялық тұрғыда қарастырылады. Сонымен қатар келісу және келіспеу презумпциясына байланысты ағза донорлығы барысында орын алатын қоғамдық қайшылықтар талданады. Мақаланың мақсаты- трансплантация барысында донор мен реципиент арасында болатын тұлғааралық қатынасты әлеуметтік-экономикалық, экономикалық-антропологиялық бағытта қарастыру. Себебі, ғылыми- техникалық революция заманында ағза мүшелерін транспланттау мәселесі медицина саласында үлкен жетістіктерге жеткенімен, донорлыққа сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Әлем бойынша жыл сайын «күту парағында» ағза мүшелеріне мұқтаж білдірушілердің саны төменгі көрсеткішке түскен емес.
Мақалада ағза мүшелері донорлығы барысындағы донор мен реципиент қатынасы Марсель Мосстың «сый алмасу» тұжырымдамасына байланысты «Кула шеңбері», «потлач» түсініктері аясында және Маршалл Салинздың «реципрокность» ұғымына сәйкес қарастырылды. Маршалл Салинздың генерализацияланған реципрокность тұжырымдамасы негізінде генетикалық донорлық мәселесі талданады.
Мақалада келісу және келіспеу презумпциясының оң және теріс қырларының қоғамға әсері теориялық-методологиялық тұрғыда айқындалды. Сонымен қатар, ағза донорлығына байланысты шет елдік тәжірибиелер, заң актілері, діни-этикалық қағидаттар қарастырылды.
Теориялық зерттеу барысында алынған нәтижелер ағза донорлығына қатысты қоғамдық пікірдегі қайшылықтарды шешуге, ағза донорлығына қатысты әлеуметтік-экономикалық, моральдық, этикалық тұжырымдар қалыптастыруға әсер етеді. Зерттеу материалдары мен тұжырымдарды академиялық қызметте, әлеуметтік-медицинада қолдануға болады.
Түйін сөздер: органикалық айырбас, Кула шеңбері, сый алмасу, реципрокность, келісу презумпциясы, келіспеу презумпциясы, альтруизм.









