Бірінші бала дүниеге келгеннен кейінгі ерлі-зайыптылардың өзара қатынасы
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v73.i2.08Аңдатпа
Мақалада бірінші бала дүниеге келгеннен кейін ерлі-зайыптылардың өзара қатынасы сияқты маңызды психологиялық мәселе көтеріледі.
Отбасы – ері мен әйелі, ата-ана мен балалар арасындағы қатынасқа бағытталған жеке тұрмысты ұйымдастыру формасы. Осыған сәйкес, бірінші бала дүниеге келгеннен кейінгі ерлі- зайыптылардың өзара қатынасын зерттеу ерекше қызығушылық тудырады. Ерлі-зайыптылардың психологиялық феномендерін зерттеген Ю.Е. Алешина, Н.Н. Обозовтың тұлғааралық қатынас теориялары мен отбасы туралы жағдайы, М.П. Кабакованың бірлескен өмірінің жиынтығы субъектісі ретінде еңбектері біздің жұмысымыздың методологиялық негізі болып саналады. Бірақ қазақстандық психология ғылымында бала дүниеге келгеннен кейінгі ерлі-зайыптылардың өзара қатынасы тақырыбында жазылған жұмыстар жеткіліксіз, сондықтан біз бұл олқылықты толтыруға тырыстық.
Зерттеу нәтижелерінің көрсетуінше, ер адамдар отбасы үшін жауапкершілікті сезінеді, ал әйелдерде дербестіктің болмауы, басқаларға тәуелділік белгілері бар, олар өздерінің жұбайымен қарым-қатынасын қақтығыстық жағдайда деп санайды. Ер адамдар үшін әлеуметтік кеңістікте өзін-өзі таратуы маңызды болса, ал әйелдер үшін отбасында психологиялық ахуалды сақтау маңызды.
Табысты отбасылық қарым-қатынасты сақтау үшін ерлі-зайыптылар баламен оңтайлы эмоционалды байланысты сақтау қажеттілігін ұстанады. Ұсынылған жұмыстың практикалық маңыздылығы мынада, зерттеуде алынған мәліметтер отбасылық психологтарға алғашқы ата-ана болу кезіндегі ерлі-зайыптылармен психологиялық жұмысты жүзеге асыру үшін пайдалы болуы мүмкін.
Түйін сөздер: өзара қатынас, ерлі-зайыптылар қатынасы, отбасы, ата-ана, баланың дүниеге келуі.









