Конфессиялық тиістілік тұрғысынан діндарлықты әлеуметтік-психологиялық талдау
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v73.i2.04Аңдатпа
Бүгінгі күні діндарлықты іргелі ғылымдар арқылы ұғыну қоғамдық құрылымда оның орны мен рөлі жайлы толық түсінік бере алмайды. Мұны тұтас кешенді түсінуге талпыну әркез түрлі ғылым салаларының мүдделері мен ұстанымдарының қақтығысына алып келеді. Мақаланың мазмұны діндарлық белгілерінің міндетті шарттарының болу себептерін бүгінгі бар әлеуметтік тәртіптен бас тарту немесе қабылдамау ретінде түсіндіруге бағытталған.
Бұдан бөлек, діндарлықты топтық (конфессиялық) тиістілік негізінде түйсінілетін субъективті жеке дара руханилық пен діндарлық ретінде түсінудегі шектеулер келтіріледі. Мұндай шектеу мақала көрсеткендей, адам санасының ажырамас мағына құрушы бөлшектері ретінде дінді дұрыс ұғыну мен барабар қабылдау мәселелерінде айқындылықты енгізу үшін қатаң қағидаға ие. Біздің қызғылықты және жаңаша көзқарасымызша, діндарлықты оның маңызды анықтамасы арқылы емес, керісінше, діндарлықтың өзі және белгілі бір конфессияға тиістілік дербес емес және мүлдем басқа үдерістердің туынды бөлшектері болып табылатындығы қарастырылады. Мақаланың қорытындылары авторлардың пікірінше, күнделікті өмір жағдайларын түсіндіруде айқындылықпен және ерекшелігімен айрықшаланатын, дінді зерделеу бойынша мүлдем жаңа бағыттар үшін бастапқы қадам болуы мүмкін.
Түйін сөздер: дін, діндарлық, конфессиялық тиістілік, әлеуметтік орта, фрейм, әлеуметтік қажеттілік, стигматизация.









