Университет жағдайындағы студенттердің жобалық қызметі: дайындау және қосу тәжірибесі
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v72.i1.19Аңдатпа
Мақалада студенттерді университет жағдайында жобалық іс-әрекеттерге дайындаудың тәжірибесі талданады. Жобалық, жобалық-инновациялық, жобалық-зерттеушілік қызметтерді оқыту кәсіби міндеттерді шешу жолдары ретінде заманауи білімнің басымдықтарының бірі болып қарастырылады.
Батыс Еуропа мен АҚШ-тың жоғары оқу орындарында инженерлік маманданудағы мамандарды даярлауда қолданылатын жобалық-бағдарланған технологияларды талдау келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: әрбір білім беру жүйесіне тән ерекшеліктеріне қарамастан, кәсіби маңызды міндетке ие сияқты бірдей сипаттамалар бар; топтағы жұмысты ұйымдастыру; оқытушының идеологиялық жетекші және кеңесші ретінде ғана емес, еліктеу үлгісі ретінде де жетекші рөлі; жобалардың пәнаралық сипаты. Бұл жетістіктер әлемнің басқа аймақтарындағы елдерді жобалық оқытуға көбірек көңіл бөлулеріне шабыттандырады.
Осы аспектіде ТМД-да жинақталған студенттердің жобалық іс-әрекетін ұйымдастырудың кем емес маңызды тәжірибесі қарастырылды. Талдаудың негізінде, айрықша мүмкіндіктер жобалық іс-әрекетті электронды оқытумен бірлестікте ашатыны негізделді.
Ресей ғалымдарының білім беру ортасында жобалық қызметті ұйымдастыру бойынша зерттеулерін тереңдетіп зерттеу, соның ішінде студенттердің жобаға қатысуына талдау жасау,
студенттерді жобалық іс-әрекетке кіріктіруге мүмкіндік береді. Университет жағдайында студенттерді жобалау іс-әрекетіне даярлаудың қазақстандық тәжірибесін қарастыра отырып, студенттердің жастар қоғамдастығының жобаларына белсенді қатысқандығына назар аударылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы университеттік, факультеттік, кафедралық деңгейде және әлеуметтік, ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық, бос уақытты ұйымдастыру жобалары формасында студенттердің жобалық іс-әрекеттерін ұйымдастыру бойынша іс-әрекеті мұқият талданды.
Университет жағдайында студенттерді жобалық іс-әрекеттерге дайындаудың шетелдік және отандық тәжірибелеріне жүргізілген талдау, студенттердің жобалық құзыреттілігін қалыптастыру үрдісі – бұл қазіргі заманғы динамикалық әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өмір сүруге қажетті кең ауқымды құзыреттерді дамытуға мүмкіндік беретін жобалық қызметті жемісті және жеке, мұқият жүзеге асыру үшін қажетті білімді, дағдыларды және тәжірибені меңгерген студенттердің мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған үрдісі.
Түйін сөздер: жоба, жобалау, жобалық құзыреттілік, жобалық іс-әрекет, инновациялық білім беру, жобалық топтар, жобалық топтық жұмыс, жобалық оқыту, жобалық зерттеу, ойлаудың жобалық стилі.









