«Yлкен бестік» тұлғалық моделі, жүйелік тәсілі және еңбек қызметінің тиімділігі
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v72.i1.08Аңдатпа
Еңбек қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін тұлғалық факторлар мәселесі қазіргі заманғы ұйымдастырушылық психологияда өзекті болып табылады. Ең көп сұранысқа ие тұлға моделі, бұл – “Үлкен бестік” моделі. Кейбір шкалалардың аттарын түсіндіру қиындықтарына қарамастан, ол ең танымал болып қала береді.
Бұл мақаланың мақсаты – жүйелік тәсілге негізделген “Үлкен Бестік” тұлға моделін қолдану артықшылықтарын негіздеу.
Жүйелік тәсілді қолданудың ғылыми маңыздылығы ғылыми зерттеулер саласында да, университеттік білім беруді ұйымдастыруда да Қазақстан психологиясының әдістемелік аппараттарын нақтылау қажеттілігімен анықталады. Зерттеу әдіснамасы – В.А. Ганзеннің Ленин-град (Санкт-Петербург) психологиялық мектебінің құрамында жасалған жүйелі тәсілі.
«Үлкен бестік» теориялық моделінің танымалдылығы, адамды интегралды жүйе ретінде сипаттайды және «Адам» жүйесінің ішкі құрылымдарына сәйкес келеді: жеке тұлға, қызмет нысаны және даралық. Еңбек тиімділігінің тұлғалық факторы ретінде «Саналылық» шкаласы, ал жұмыс барысында тиімді білім алу мен жаңа ақпаратты игерудің тұлғалық факторы «Тәжірибеге ашықтық» шкаласы екені эмпирикалық тұрғыдан расталды. Сонымен бірге, Aйзенктің «Үлкен екілік» ұғымы мен «Үлкен бестік» тұжырымдамасының арасында логикалық дұрыс байланысы орнатылды.
Жүйелік тәсілі, «Үлкен бестікті» адам психикасының жүйелік табиғатының көрінісі ретінде қарастыруды тәжірибелік маңызға ие деп біледі және университетте ұйымдастырушылық психологияны оқытудың нәтижелі әдіснамалық негізі болып табылады.
Түйін сөз: “Үлкен бестік” тұлға моделі, жүйелік тәсілі, жұмыс нәтижелері.









