Бәсекеге қабілеттіліктің мүмкіншіліктерін күшейту: университеттер мен серіктестік

Authors

  • Gulmira Abdiraiymova
  • Dana Burkhanova

Abstract

Жоғары білім беру жүйесін дамытуды қолдау – мемлекеттің ұлттық саясатының негізгі міндеттерінің бірі. Оның қолжетімділігі – тек қана сандық мәселе емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық жағдайға және басқа факторларға тәуелді емес, оның дамуы мен кеңеюіне қосалқы ықпал ететін жоғары білімді әлеуметтік өлшеудің негізгі бөлшегі. Білім беру бұл тарапта барлық халық таптары қатысуына бағытталған және олардың қатысуының сапасын қанағаттандыратын «қолжетімділік саясаты» ретінде анықталады. Білім беру саласында қызмет көрсету нарығында өзіне бәсекеге қабілетті орын алуға ұмтылған университет жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қояды. Күннен- күнге өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында жоғары оқу орындарының рейтингін анықтайтын басты көрсеткіш ретінде түлектердің қоғамға қажеттілігінің деңгейі шығады. Жүргізілген сандық зерттеудің нәтижелері SPSS for Windows (version 21) лицензияланған бағдарламасымен өңделіп, талданды. Зерттеуде қолданылған бағалау әдістемесі белгілі бір еңбек нарығы сегментінде бәсекеге қабілеттілікке салыстырмалы талдау жасауға, қазақстандық түлектердің бәсекеге қабілеттіліктеріне еңбек нарығы тарапынан жылдам өзгеретін талаптарын ескеруге, бағалаудың нәтижелерін оқу бағдарламаларын түзету кезінде, ЖОО-ның жұмысы барысында басты оқыту бағыттарын белгілеуде, жеке білім беру және кәсіби траекториясын құрастыруға және студенттерде бәсекеге қабілеттілікті орнатуға апаратын мотивациялық және білім беру даярлығына жол ашады. Мақаланың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы келтірілген ғылым әлеуметтануы, білім беру әлеуметтануы, білім беру және ғылыми бағдарламалар аумағындағы деректердің толығып және ары қарай дамуға жағдай жасайтын қағидалармен негізделеді.

Түйін сөздер: білім беру, университет, жұмысқа орналастыру, біліктіліктер, түлектер.

Downloads

Published

2017-09-25