Жоғары оқу орны оқытушыларының психологиялық денсаулығы мен әл-ауқаты: өзара байланыстарының құрылымы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS20269835

Аңдатпа

Психологиялық денсаулық пен психологиялық әл-ауқат қазіргі психологияда адамның позитивті қызмет етуінің әртүрлі қырларын сипаттайтын, өзара тығыз байланысты болғанымен, мазмұны жағынан бірдей емес конструктілер ретінде қарастырылады. Психологиялық денсаулық пен психологиялық әл-ауқат мәселелері кеңінен зерттелгеніне қарамастан, жоғары оқу орындары оқытушыларының психологиялық әл-ауқатына психологиялық денсаулықтың қай компоненттері дербес үлес қосатыны жеткілікті деңгейде анықталмаған. Зерттеудің мақсаты – жоғары оқу орындары оқытушылары арасында психологиялық денсаулық векторлары мен психологиялық әл-ауқат компоненттері арасындағы өзара байланыстардың сипатын, айқындылық деңгейін және құрылымын анықтау. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы психологиялық денсаулық пен психологиялық әл-ауқаттың тұлғаның позитивті қызмет етуінің өзара байланысты, бірақ дербес конструктілері ретіндегі арақатынасын эмпирикалық тұрғыдан нақтылауда көрінеді. Зерттеу көлденең корреляциялық дизайндағы әдіснамаға негізделіп жүргізілді.  Зерттеуге ҚР жоғары оқу орындарының 356 оқытушысы қатысты. Деректерді талдау үшін корреляциялық, көптік регрессиялық талдау әдістері қолданылды. Нәтижелер психологиялық әл-ауқаттың, денсаулықтың көптеген векторларымен статистикалық тұрғыдан мәнді байланыста екенін көрсетті. Ең күшті байланыстар стратегиялық, интеллектуалдық, әлеуметтік бағдарланған, шығармашылық, рухани және гуманистік векторлармен анықталды, ал отбасылық вектор статистикалық тұрғыдан мәнді байланыс көрсетпеді. Көптік регрессиялық талдау психологиялық денсаулық көрсеткіштерінің психологиялық әл-ауқат вариативтілігін түсіндіруге елеулі үлес қосатынын көрсетті, ал отбасылық вектордың ресурстық қызметі туралы гипотеза расталмады. Зерттеудің құндылығы Қазақстандағы жоғары оқу орындары оқытушылары іріктемесінде психологиялық денсаулық пен психологиялық әл-ауқат арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктерін анықтауда жатыр. Алынған нәтижелер жоғары оқу орындары оқытушыларын психологиялық сүйемелдеу және кәсіби қолайсыздықтың алдын алу бағдарламаларын әзірлеуде практикалық маңызға ие.

Түйін сөздер: психологиялық денсаулық, психологиялық әл-ауқат, жоғары оқу орындарының оқытушылары, тұлғаның позитивті қызмет етуі, психологиялық ресурстар.

Автор өмірбаяндары

  • А. Лиясова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    (корреспондент-автор), жалпы және қолданбалы психология кафедрасының докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: aigulkaznu.80@mail.ru)

  • Л. Баймолдина, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: laura.baimoldina@kaznu.edu.kz)

  • Г. Абсатарова, Қазақ ұлттық медицина университеті

    коммуникативтік дағдылар кафедрасы меңгерушісінің м.а., С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: absatarova.g@kaznmu.kz)

  • Р. Керимбаева, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, «Әлеуметтік психология» кафедрасының доценті, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз, Қазақстан, e-mail: risti1971@mail.ru)

  • Ұ. Жамирова, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, «Әлеуметтік психология» кафедрасының доценті, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз, Қазақстан, e-mail: zhamirova_1978@mail.ru)

Жарияланды

2026-03-19