Студенттердің эмоциялы интеллектісі мен ынталандырылмаған мазасыздыққа бейімділіктерінің психологиялықерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS20269832

Аңдатпа

Қазіргі білім беру кеңістігінде студенттердің психологиялық жағдайына ықпал ететін факторларды зерттеуге ерекше көңіл бөлінуде. Сол факторлардың бірі – эмоциялық интеллект (ЭИ). Зерттеулер көрсеткендей, ЭИ мазасыздықтың көріністеріне қорғаныс әсерін де, жанама әсерін де тигізуі мүмкін. Зерттеудің мақсаты – университет студенттерінің эмоциялық интеллект ерекшеліктерін және оның ынталандырылмаған мазасыздыққа бейімділікпен өзара байланысын кешенді түрде талдау. Жұмыста эмоциялық интеллектінің эмоциялық хабардарлық, өз эмоцияларын  басқару, өзін-өзі ынталандыру, эмпатия және басқа адамдардың эмоцияларын басқару сынды негізгі компоненттері қарастырылды. Зерттеудің әдістемелік негізі эмоциялық интеллектіні бағалау және ынталандырылмаған мазасыздық деңгейін диагностикалау әдістемелерін, сондай-ақ сипаттамалық статистика, корреляциялық талдау және көптік сызықтық регрессия әдістерін қамтыды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, студенттердің басым бөлігі эмоциялық интеллектінің орташа деңгейімен және ынталандырылмаған мазасыздықтың орташа көріністерімен сипатталды. Эмоциялық интеллектінің ең айқын компоненттері эмоциялық хабардарлық пен өзіндік мотивация болды, ал эмоцияларды басқару қабілеті төмендеу деңгейде көрінді. Корреляциялық және регресиялық талдаулар Эмоциялық интеллектінің көрсеткіштері мен мазасыздық деңгейі арасында статистикалық тұрғыдан маңызды байланыстарды анықталмады, нәтижесінде аталған конструктілердің шектеулі болжамдық рөлін көрсетеді. Зерттеудің құндылығы студенттердің психологиялық сипаттамалары құрылымындағы эмоциялық интеллектінің орнын нақтылауда, сондай-ақ мазасыздықты төмендетуге ықпал ететін стресті еңсеру стратегиялары, әлеуметтік қолдау және стресске төзімділік сынды қосымша ресурстарды іздеу қажеттігін айқындауда. Практикалық маңыздылығы алынған деректерді студенттерге психологиялық қолдау бағдарламаларын әзірлеуде қолдану мүмкіндігімен байланысты.

Түйін сөздер: эмоциялық интеллект, мазасыздық, ынталандырылмаған мазасыздық, студенттер, өзін-өзі реттеу.

Автор өмірбаяндары

  • С. Бапаева, Тұран Университеті

    (корреспондент-автор)PhD, «Психология» жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, Тұран университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: s.bapayeva@turan-edu.kz)

  • А. Альмуратова, Тұран Университеті

    лингвистикалық оқу орталығының сениор-лекторы, Тұран университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail:a.almuratova@turan-edu.kz)

  • Д. Ербосынқызы, Тұран Университеті

    PhD, «Психология» жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, Туран университетіні (Алматы, Қазақстан, e-mail: d.yerbossynkyzy-@turan-edu.kz)

  • Ж. Бейсенова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    психология ғылымдарының кандидаты, Психология кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: zhuparkul2270@gmail.com)

  • Г. Ысқақ, Тұран Университеті

    «Психология» жоғары мектебінің сениор-лекторы, Тұран университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail:  g.yskak@turan-edu.kz)

Жарияланды

2026-09-17