ЖОО білім алушыларының цифрлық әлеуметтенуінің психологиялық корреляттары: бақылау локусы және копинг стратегиялары

Авторлар

  • А. Иргалиев West Kazakhstan Innovation and Technological University https://orcid.org/0000-0002-0699-0514
  • Т. Черняева Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеушілік мемлекеттік университеті https://orcid.org/0009-0008-3916-907X
  • Ж. Исмагулова М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті https://orcid.org/0000-0003-4559-9179

DOI:

10.26577/JPsS20269722

Аңдатпа

Мақалада қазіргі цифрлық қоғам мен цифрлық білім беру ортасы жағдайында тұлға дамуының негізгі процестерінің бірі болып табылатын цифрлық әлеуметтену мәселесі қарастырылады. Мәдени-тарихи және әлеуметтік-когнитивтік парадигмалар контекстінде ЖОО білім алушыларының цифрлық әлеуметтену феномені ерекше өзектілікке ие. Жүргізілген зерттеу ЖОО білім алушыларының цифрлық әлеуметтенушілік ерекшеліктерін - бақылау локусы көрсеткіштері мен копинг-стратегиялар арасындағы өзара байланысын айқындайды. Зерттеудің мақсаты - педагогикалық ЖОО студенттерінің цифрлық әлеуметтену деңгейінің интерналдылық / экстерналдық және мінез-құлық копинг-стратегияларын таңдау түрлерін көрсеткіштерімен корреляциялық өзара байланыс сипатын анықтау. Зерттеуге 1-2 курстың 178 студенті қатысты. Зерттеу барысында сауалнама әдістері (А.С. Иргалиевтің сауалнамасы), психодиагностикалық әдістемелер (Дж. Роттер және Д. Амирхан тесттері), деректерді өңдеудің статистикалық әдістері (альфа Кронбах коэффициенті, сипаттамалық статистика, Пирсон, Стьюдент критерийі және т.б.) SPSS пакетін қолдану арқылы пайдаланылды. Алынған нәтижелер цифрлық әлеуметтенгендіктің проактивті мінез-құлықтың маңызды ресурсы екенін дәлелдейді. Цифрлық ортаға интеграцияланудың жоғары деңгейі «Мәселелерді шешу» белсенді стратегиясымен (r = 0,372) және интернальды бақылау локусымен оң корреляцияланатыны анықталды. Цифрлық әлеуметтену компенсаторлық сипатқа ие емес және «Мәселелерді шешуден қашу» механизмдермен байланысты емес, керісінше когнитивті трансформациялау арқылы тұлғаның бейімделу әлеуетін кеңейту құралы болып табылады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы цифрлық білім беру орталарын жобалауда және ЖОО студенттерін психологиялық сүйемелдеу бағдарламаларын әзірлеуде қолдану мүмкіндігімен айқындалады.

Түйін сөздер: цифрлық әлеуметтену, цифрлық орта, цифрлық сәйкестілік, бақылау локусы, копинг-стратегиялар, жоғары оқу орының білім алушылары.

Автор өмірбаяндары

  • А. Иргалиев, West Kazakhstan Innovation and Technological University

    (корреспондент-автор) –  педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (Орал, Қазақстан, e-mail: asylbek_78@mail.ru)

  • Т. Черняева, Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеушілік мемлекеттік университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогикалық психология және психодиагностика кафедрасының доценті, Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеушілік мемлекеттік университеті (Саратов, Ресей, e-mail: cherniaeva@inbox.ru)

  • Ж. Исмагулова, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

    М. Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан университетінің педагогика және психология білім беру бағдарламасының аға оқытушысы (Орал, Қазақстан, e-mail: ismagulova_zs@mail.ru)

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-19