Құрылыс компаниялар мысалында персоналды құндылық бейімделуінің эмпирикалық зерттеудің нәтижелерін талдау

Авторлар

  • Альбина Балабаева
  • Анаргуль Касымжанова
  • Тамара Черникова
  • Ольга Аймаганбетова

Аңдатпа

Мақалада құрылыс компаниясы қызметкерлерінің топтық құндылықтарын зерттеу нәтижелері келтірілген. Кез келген заманауи мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі, ең алдымен, негізгі бизистік жүйені қоғам игілігі үшін тұлғалық және топтық дамуға мүмкіндік беретін мемлекеттік саясат идеясы ретінде қалыптастыруға қабілетті құндылық бағдарларын қалыптастыру және дамыту болып табылады. Сонымен бірге өмір шындығы құндылықтық- мағыналық қоғамдық бағдардың бірыңғай мазмұнының жоқтығы мен тұлғаның қоршаған болмысты мәнділік дәрежесі бойынша саралау қажеттілігінен көрінетін күрделі қайшылықтарды аңғартады. Қызмет саласына қарамастан тұлға қызмет үдерісіне қалай қарайтынын өзінің құндылықтар жүйесі арқылы көрсетеді. Құндылық бағдарлар мен қарым-қатынастар жүйесі тұлға мен топтың өзара әрекеттесу сипатын анықтайды. Жеке алынған тұлға мен тұтастай топтың құндылықтық-мағыналық саласының негізі ретінде уәждерді зерттеу мәселесі шағын топтардың дамуының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, қызметкерлерді компанияда ұстап қалу факторларын анықтай түсуге мүмкіндік береді. Құндылықтық-бағдарлық белсенділік ұжымның психологиялық ахуалына кері әсер етуі ықтимал туындайтын қиындықтарды тиімді шешуге қызметкерлердің уәжі болып табылады. Ғылыми әдебиетте жұмыс берушілердің үлкен бөлігін құрайтын заманауи компаниялардағы қызметкерлердің құндылықтары мен уәждерін зерттеуді қарастыратын эмпирикалық зерттеулердің ерекше тапшылығы пайда болды. Материалға жүргізілген жүйелік талдау зерттеу мәселесіне жататын психологиялық теорияда және практикада әртүрлі топтардағы топтық құндылықтардың, олардың жиыны мен қызметі шын мәнінде бірегей құбылыс болып табылатынын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу әдісі ретінде коммерциялық компания қызметкерлерінің құндылықтық бағдарларын өлшеудің авторлық сауалнамасы жүреді. Зерттеу нәтижелері бойынша компания қызметкерлері үшін «еңбек жағдайлары» мен «орындалатын жұмыстың мазмұны» ең маңызды құндылықтар болып табылатындығы анықталды. Осы құндылықтар аясын топ басшысы қолдаған жағдайда, компания қызметкерлері туындайтын қиындықтарды сылбыр қабылдап, бар мәселелерді елемеуге тырысатын болады.

Түйін сөздер: топтың құндылық бағдарлары, уәждемелік менеджмент, қызметкерлер мен басшылардың өзара әрекеттесуі. 

Жүктеулер

Жарияланды

2017-09-25

Журналдың саны

Бөлім

Шетелдік әріптестердің мақалалары