Білім мен дағдылар мәселесін өзекті жағдайда анықтау

Авторлар

  • Серик Жантикеев

Аңдатпа

Зерттеу педагогикалық психологияның ең маңызды және жеткіліксіз зерттелген мәселелерінің бірі – білім мен дағдыларды уақытылы және жүйелі түрде қолдануға арналған. Осы мәселенің маңыздылығы білім мен дағдыларды бір-бірімен байланыстыратын іс-әрекет шарттарын меңгерумен ғана байланысты емес, сондай-ақ олардың табысты жұмыс істеуін қарастыру, яғни білім мен дағдыларды өзектендіру болып отыр. Бұл мәселе кәсіби білім беру жүйесінде маңызды: мамандықтың иесі ғана болмай, меңгерген білім мен іскерліктерді табысты жүзеге асыруға қабілетті болу қажет. Автор әрекеттік тәсілді ғылымның әдіснамалық принциптерінің бірі ретінде қолданған, ол қызметіне қатысты түсініктемелерді қолдана отырып білім алуға талдау жасайды. Зерттеу жұмысында педагогикалық психологияның классиктері П.Я. Гальперин, Д.Б. Эльконин, И.И. Ильясова, В.Я. Ляудис, В.В. Давыдов және басқа авторлардың білім мен дағдылар мәселесін өзекті жағдайда анықтауға байланысты жүргізген жұмыстары арнайы қарастырылған нысан ретінде қабылданбайды. Автор білім мен дағдыларды өзектендірудің психологиялық механизмін және тиімді оқыту процесін ұйымдастыруға қажетті терең түсініктемелерді теориялық тұрғыдан зерттеп, тәжірибелік жұмыстарын жүргізді. Психологиялық-педагогикалық механизмдерін меңгеруге және оны кейіннен өзектендіруге жасалған теориялық талдау, зерттеушіге қазіргі заманғы психологиялық ғылымда бірқатар категориялық терминдерді нақтылау керек екендігін дәлелдеді. Алынған нәтижелер ғылыми негізделген білім алу мен дағдыларды меңгеруге, оны қызметіне сәйкес тиісті пайдалануға және білім алу үшін бағдарламалар құруға байланысты ұстанымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: өзектендіру, өзектілендіру, интериоризация, меңгеру, экстериоризация.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-09-25