Жоғары оқу орнының экологиялық бағыттағы тәрбие жұмысы – студенттердің экологиялық санасын дамытудың басты мақсаты мен құралы

Авторлар

  • M. O. Iskakova Московский педагогический государственный университет, Россия, г. Москва
  • Zh. G. Zhakijanova Казахстанский инновационный университет, Республика Казахстан, г. Семей
  • B. I. Bajgundinova Казахстанский инновационный университет, Республика Казахстан, г. Семей
  • G. S. Tursungozhinova Государственный университет имени Шакарима города Семей, Республика Казахстан, г. Семей

Кілт сөздер:

экологиялық сана, экологиялық тәрбие, Жасыл ел, экологиялық қызмет, акциялар, Экологиялық орталық, саябақтар, Жазғы экологиялық лагері.

Аңдатпа

Бұл мақалада авторлар «экологиялық тәрбие» және «экологиялық сана»
деген ұғымдарға ғалымдардың берген анықтаулары мен көзқарастары
қарастырылған. Мақаланың бірінші бөлігінде авторлар «экологиялық тәрбие»
деген ұғымды ашуға тырысты, өйткені бұл ұғымға деген ғалымдардың әр
түрлі көзқарастары бар, кейбіреуі ол оқу-тәрбие жүйесі деп тұжырымдаған.
Сонымен, бұл мақалада «экологиялық тәрбие» деген ұғымға қатысты
ғалымдардың берген тұжырымдамаларында бірлік жоқтығы көрсетілген.
Және де осы мақалада Н.Г. Померанцева ұсынған экологиялық тәрбиенің
басты мақсаттары қарастырылған. Авторлар сол мақсаттарға сүйене отырып
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде атқарылып
жатқан экологиялық іс-шараларды ұсынуға тырысты. Сонымен қатар
бұл мақалада студенттердің экологиялық тәрбиесі аясында Экологиялық
орталықтың Семей қаласының ішкі саясат бөлімімен ынтымақтастығы
көрсетілген. Ынтымақтастық аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланып іске
асырылды. Мысалға, ынтымақтастық аясында ұйымдастырылған «Жазғы
экологиялық лагерьдің» жұмысы көрсетілген. Жалпы зерттеу нәтижелері
бойынша, авторлармен университеттің экологиялық тәрбие жұмысының
студенттердің экологиялық тәрбиесіне және экологиялық санасын қалып тас-
тыру мен дамытуға зор үлесі бары дәлелденді. Осының барлығының жиын-
тығы студенттердің экологиялық санасының қалыптасуы мен дамуына оң
әсерін тигізеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-01-17

Журналдың саны

Бөлім

Шетелдік әріптестердің мақалалары