Жоғары және төмен деңгейде коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасқан жасөспірімдердің құндылық бағыттылықтарын зерттеу
Кілт сөздер:
құндылық бағыттары, коммуникативті құзіреттілік, құндылық бағыттарының механизмдері, құндылық бағыттарының компоненттері.Аңдатпа
Мақалада жеткіншектердің құндылық бағыттарын қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Авторлар жеткіншектердің құндылық бағыттарының мазмұнын анықтаудың негізгі әдістемелерін көрсеткен, қазіргі жеткіншектердің құндылық бағыттарын зерттеу нәтижелері ұсынылған және олардың қалыптасу механизмдері мен компоненттері қарастырылған.
Жеткіншектердің құндылық бағыттарын қалыптастырудың ерекшеліктері анықталған анықтауыш эксперимент нәтижелері, таңдау сипаттамалары, негізгі ұғымдар айқындалған.









