Тəуелділіктің қарым-қатынас сапасына ықпалы.
Кілт сөздер:
отбасы, рухани даму, жағымсыз эмоциялар, жеке өзгерістер, ғибраттың болмағандығының, меншікті селф тұжырымдамасының болмағандығы.Аңдатпа
Мақалада қосымша тəуелділіктің қарым-қатынас сапасына тигізетін əсері қарастырылады. Қосымша тəуелділік тəуелділік ретінде ұзақ созылмалы күй болып табылады, ол рухани дүниені қайғыға жəне бұзылуына əкеледі. Қосымша тəуелділер өзінің жай-күйіне, өз қажеттіліктері мен өз денсаулығына жауапсыз қарайды. Адамның қосымша тəуелді əрекеті балалық шақтағы психологиялық зақымға негізделген, ол психологиялық бұзылуларға (сезімнің бұрмалануы, мойындамау, күйзелістен туындаған аурулар, рухани дүниенің зақымдануы) əкелетін, өзін жəне айналасындағыларды дұрыс қабылдауды субъективті дезинтеграциялайтын отбасындағы дисфункциялы қатынастардың туындауын қамтамасыз етеді. Қосымша тəуелді əйелдердің сыртқы референттігі шекара болмаған кезде байқалады. Олар өзінің дербестігі қай жерде аяқталып, басқа адам дербестігінің қай жерде басталатынын білмейді. Əлеуметтің аддиктивті мəдениеті қосымша тəуелділіктің мəдени тренингін қамтамасыз етеді. Мақалада қосымша тəуелділіктің жеке тұлғаның тəуелді дербестік бұзылуларымен сəйкестігін сипаттайтын белгілер айқындалған.Жүктеулер
Жарияланды
2012-11-29
Журналдың саны
Бөлім
Psychology
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Тəуелділіктің қарым-қатынас сапасына ықпалы. (2012). Хабаршы. Психология және социология сериясы, 43(4). https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/567









