Шетелде тұратын қазақ диаспора өкілдерінің құндылық бағыттарының құрылымы
Кілт сөздер:
Шетелдік қазақтар, құндылық бағдары, факторлық сараптама, құндылық аумағының құрылымы, этникалық мәдениет, Қазақстанның титулды этносы.Аңдатпа
Зерттеу мақсаты шетелде, Еуропада (мысалға Германия) және Азияда (Қытай) тұратын қазақ диаспора өкілдерінің құндылық бағыттарын анықтау болып табылады. Қазақстан титулды этнос және шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдерінің құндылықтар аумағының, айырмашылығын, ұқсастығын анықтау арқылы келесі тұжырымдар жасалынды; шетелде тұрып жатқан қазақтар өзін басқа адаммен жақын қарым-қатынаста, достықта, әзілде өз орнын таба білу және бір-біріне қамқор болу және көмекке қол ұшын беруге әрқашан даярлық, жетістік сезімін жоғары қояды, Сонымен қатар шетел қазақтары тағдырға наным, діни тағылым, рухани құндылықтарға жоғары ілтипатпен қарайды. «Тәуелсіз» деген ұғым «Ынталандыру» ұғыммен «Кәрілік» деген ұғым ақылды, парасатты, сабырлы ұғымымен тығыз байланысты. Шетел қазақтары өмірдегі тәуекелділікті, өзгеріс мүмкіншіліктерін жоғары қояды. Шетел қазақтарына жеке және топтық құндылықтар қасиеті тән. Ал Қазақстан титул-ды этносының ең басты құндылықтары болып; бақытты отбасылық өмір және материалды жетістіктер болып, ал белсенді қоғамдық келесі жолға қойылады. Қазақстан титулды этнос бірінші кезекке жеке құндылықтары қояды, «Тәуелсіз» деген ұғым «Жетістік» ұғыммен алмастырылады.









