Эмоционалдық интеллект заманауи психологияның зерттеу объектісі ретінде

Авторлар

  • A. A. Kassymzhanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • V. R. Pak Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

эмоционалды интеллект, эмоциялар, тұлғалық мағына.

Аңдатпа

Бұл мақалада эмоционалдық интеллект түсінігінің ғылыми тұрғысы мен құрылымы қарастырылған. П. Сэловей, Дж. Мэйер, Д. Гоулман, Р. Бар-Он сияқты зерттеушілер осы түсінікті дамытуға көп үлес қосқан, олар эмоционалдық интеллектінің когнитивтік жəне тұлғалық бірліктерін ажыратқан. П. Сэловей мен Дж. Мэйер анықтаған ЭИ компоненттері қарапайым құрылымдық элементтер емес, олар тұлғаның іс-əрекеті мен ойлау барысына қатысатын реттік кезеңдер болып табылады. Р. Бар-Он эмоционалдық интеллектіні адамға түрлі өмір жағдайларында сəттілікке жетуге мүмкіндік беретін когнитивтік емес қабілеті, білімі мен біліктілігінің жиынтығы ретінде анықтайды. Эмоционалдық интеллект құрылымына өз эмоцияларын жəне басқа адамдардың эмоцияларын түсіне білу, өзіндік мо- тивация, өзіндік бағдарлану, эмпатия, икемділік, стреске тұрақтылық жəне өмірдің түрлі салаларындағы тиімділікті арттыруға əсер ететін тұлға ерекшеліктері жатады. Салыстырмалы тұрғыдағы жаңа түсініктің мағынасында тұлғаның орта жағдайларын бейнелеуі мен осыған байланысты жүріс-тұрысын реттеу ерекшеліктері сипатталады. Эмоционалдық интеллектінің қорытынды нəтижесі – жеке тұлғалық мағынасы бар жағдайлардың дифференциалдық бағалануы болып табылатын эмоциялардың бейнеленуі мен мағынасы.

Жүктеулер

Жарияланды

2012-09-19