Ересектерді оқытуды ұйымдастырудағы заманауи тұғырдың ерекшелігі

Авторлар

  • S. M. Puzikova Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Кілт сөздер:

андрагогика, ересектерді оқыту, ересектерді оқытуды ұйымдастыру, ересектерді оқытудың ерекшелігі, андрагогика әдісі.

Аңдатпа

Мақала ересектерді қазіргі заман тұрғысында оқытуды ұйымдастырудың ерекшелігіне талдау жасауға арналған. Қазіргі заманғы қоғамды дамытудың беталысын, еңбек нарығының жұмыс істеу қажеттілігін, педагогикалық ғылымның жетістіктерін зерттеу негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны бақыланып отырады. Оқыту әдістерінің ерекшелігіне, оқытушылар құрамы мен ересек білім алушылар арасындағы өзара әрекеттестікті ұйымдастыру әдістемесіне, сабақ барысындағы өзара қарым-қатынас стиліне, зерделенетін материалдың проблемалығына талдау жүргізіледі. Автор ересек аудиторияның өзінің кәсіби іс-әрекетінде алған білімін қолдануға мақсат қойған ішкі ынтасының зерделеу үшін ұсынылған ақпаратпен тығыз байланыс ұстану қажеттілігіне барынша назар қойған. Автор оқытушы-андрагогтың білім алушымен өзара қарым-қатынасының ерекшелігін ашып көрсете отырып, өзінің көп жылғы сабақ беру тәжірибесіне және 2008-2013 жылдарда өткізген білім алушылардың оқу үдерісіне деген ерекше қызығушылығына қол жеткізе отырып, педагог бірінші кезекте неге назар аударуы тиіс екенін түсінуге көмек беретін әлеуметтік сауалдамаға сүйенген. Автор сауалдама нәтижесі бойынша ересек аудиторияның бағалау жағдайына сезімталдығы жоғары екеніне қорытынды жасайды; яғни оқу үдерісін алып жүруші әртүрлі әлеуметтік факторлардан шыққан білім алушылар уақыт келе көбінесе педагогтың біліктілігін және білімді бағалау талапшылдығы мағынасын ықшамдауды бағалайды. Автор біздің елімізде андрагогиканың даму келешегі туралы тұжырымдаған теориялық ережелермен қатар, әрдайым өзін-өзі кемелдендіру және өсу қажеттілігін ескере отырып, оқытушылар құрамының санасын жетілдіру арқылы ересектерді бүгінгі күні оқытуды ұйымдастыру үдерісін жетілдіру туралы нақтылы ұсынымын ұсынады.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Sociology