Болашақ кәсіби іс-әрекетке дайындығы дамуының психологиялық негізін зерттеу
Кілт сөздер:
даму, кәсіби іс-әрекетке дайындық, студент-психолог, психоәлеуметтік потенциал, аутотұлғалық дайындық, когнитивтік-операциялық дайындық, эмоциялық-еріктік дайындық, интерактивті дайындық және т.б.Аңдатпа
Мақалада болашақ психологтардың кәсіби іс-әрекетке дайындығы дамуының психологиялық негізін эмпирикалық зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеу нысаны тұлғаның кәсіби іс-әрекетке дайындығы болып табылады. Зерттеу пәні жоғары оқу орны жағдайындағы студент-психологтардың кәсіби іс-әрекетке дайындығын анықтайтын детерминанттар болып табылады.
Жұмыстың мақсаты қазіргі заманғы жоғары оқу орны жағдайындағы кәсіби іс-әрекетке дайындығын анықтайтын психологиялық детерминанттарды зерттеу. Зерттеуіміздің негізгі болжамы студент-психологтардың кәсіби дайындығының қалыптасуы бір қалыпты емес. Негізгі әдістемелік құралы ретінде «Студент-психологтардың кәсіби іс-әрекетке дайындығының психоәлеуметтік потенциалы» әдістемесі қолданылды. Бұл әдістеме кәсіби іс-әрекетке психоәлеуметтік дайындығының жалпы деңгейін бағалауға, сонымен қатар оның жеке бөліктерін, яғни студент-психологтардың практикалық психолог іс-әрекетінің жиырма кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін анықтауға арналған.









