Посттравматикалық өсу: мәселені теориялық талдау

Авторлар

  • G. Slanbekova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы Zayed University, Abu Dhabi, United Arab Emirates
  • M. Kabakova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы Zayed University, Abu Dhabi, United Arab Emirates
  • F. Oskenbai Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы Zayed University, Abu Dhabi, United Arab Emirates
  • E. Kalymbetova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы Zayed University, Abu Dhabi, United Arab Emirates
  • A. Tolegenova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы Zayed University, Abu Dhabi, United Arab Emirates
  • Man Cheung Chung Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы Zayed University, Abu Dhabi, United Arab Emirates

Кілт сөздер:

посттравматикалық өсу, психологиялық жарақат, жарақаттық жағдайды жеңу жүріс-тұрыс, копинг-стратегиялар.

Аңдатпа

Мақала ауыр өмірлік жағдайларына және психологиялық дистресттің жоғары деңгейіне бейімделумен қатар пайда болатын жарақаттан кейінгі өсу мәселесіне арналған. Алғашқыда өмірлік жағдайларға негізгі және шарасыз жауап беру психикалық денсаулықтың бұзылуы деп қарастырылған. Бірақ кейінгі жылдары ғалымдар жарақатты терең позитивтік тұлғалық және әлеуметтік өзгерістерге әкелетін катализатор ретінде қарастырады. арналған. Ауыр психологиялық жарақатты басынан кешірген индивидте жағымды психологиялық өзгерістерді психологиялық әдебиетте жарақаттан кейінгі өсу феноменінің көріністері деп қарастырады. Жарақаттан кейінгі өсу адамның өзіне, басқа адамдарға деген қатынасының, жалпы өмірлік философиясының өзгеруінде өз көрінісін табады. Жарақаттық жағдайды жеңу нәтижесінде және оның салдарында адам бұрынғыға қарағанда өзін бір уақытта аса сезімтал және күштірек сезеді. Кейбір жағдайларда оның өзі білмеген жаңа мүмкіндіктері ашылады.

Жүктеулер