Исследование ценностей и социальных убеждений казахстанской молодежи

Авторлар

  • L. S. Kassymova Faculty of philosophy and political sciences, al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty
  • O. H. Aimaganbetova Faculty of philosophy and political sciences, al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty
  • M. K. Yermekbaeva Faculty of philosophy and political sciences, al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty

Кілт сөздер:

жеке құндылықтар, әлеуметтік сенімдер, жеке тұлға, әлеуметтік аксиома, кескіндік құндылықтар сауалнамасы, өлшеу, қазақстандық жастар.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақстандық жастардың жеке өзіндік құндылықтары мен әлеуметтік сенімдері зерттелген. Психологияға қатысты алуан түрлі мәселелердің ішінде құндылықтар феномені зерттеу пәні бір мағыналы емес және көптеген қайшылықтар тудырады. Осы мәселеге арналған қазіргі заманда қолданылатын әдебиетте құндылық түсінігіне, оның анықтамасына және құрамына едәуір көңіл бөлінуде, оның үстіне құндылық деген түсінік көптеген сан алуан көзқарастар мен тұжырымдамаларда көрініс тапқан. Құндылықтар тегінің ортақ түсіндірмесі болмауы, сондай-ақ қолданыстағы құндылықтарды түсіну бойынша тұжырымдамалар негiзсіз және дәлелсіз болуы құндылықтар мәселесін зерттеу көкейкестi екендігін көрсетеді. Әдебиетті теоретикалық талдаудың нәтижелері бойынша посткеңестік кеңістікте жеке тұлғаның құндылықтық-мағыналық жағын қарастыратын зерттеулер жеткіліксіз. Соңғы бірнеше онжылдықтарда орын алған әлеуметтік-экономикалық жоспардағы өзгерістер өсіп келе жатқан ұрпақтардың құндылықтар жүйесіне әсер етті. Индивидтердің құндылықтары олардың мінез-құлқының барлық аспектілерімен байланысты орталық құндылықтар болып табылады. Басқа жағынан, құндылықтарға өзгермелі экологиялық және әлеуметтік-саяси контекстегі күнделікті тәжірибенің тікелей ықпалы әсер етеді. Сондықтан да құндылықтар тарихи, әлеуметтік және жеке оқиғалардың нәтижесінде туындайтын әлеуметтік және жеке өзгеру процестерін бақылаудың жақсы көрсеткіші болып табылады. Оның үстіне, құндылықтар әлеуметтік ортақтықтардың өзіндік тәжірибесінің нәтижесінде белгілі бір бағыттарда дамуынан пайда болатын әлеуметтік мәдениеттер мен субмәдениеттер арасындағы айырмашылықтарды зерттеудің негізі бола алады. Осыған орай психологияның осы саласын зерттеу көкейкесті әрі дәлелді болып есептеледі. Мақалада құндылықтық бағдарлар мен әлеуметтік сенімдердің кросс әдениеттік аспектілерін зерттеген отандық және шетелдік зерттеушілерге теоретикалық шолу беріледі. Сонымен қатар құндылықтар мен әлеуметтік сенімдер мәселесін қарастырған маңызды теориялар суреттеледі. Осы зерттеуде қолданылған өлшеу құралдарында толық жасалған теоретикалық негізі бар және олар топтардың да, жеке индивидтердің де құндылықтары мен әлеуметтік сенімдерін зерттеуде тиімді. Ғылыми жұмыста мәліметті жинау барысында қолданылған әдістемелер мен сауалнамалар Қазақстанда алғаш рет пайдаланылып отырғанын атап өткен жөн: жеке адамның 19 негізгі құндылықтарынан тұратын Ш. Шварц сауалнамасы, сондай-ақ М.Бонд және К.Леунг әлеуметтік аксиомалары. Мақалада өлшеу құралдардың сенімділігі мен валидтілігі көрсетіледі, олар қазақ және орыс тілдеріне аударылған және бейімделген. Алынған нәтижелердің салыстырмалы талдауы қазақстандық студенттердің құндылықтары мен әлеуметтік сенімдердің ерекшеліктерін ресейлік студенттердің құндылықтарына қатынасын көрсетеді.