Жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіби мотивациясы ерекшеліктерінің көріністеріне мәдени құндылықтардың әсері

Авторлар

DOI:

10.26577/JPsS.2020.v73.i2.02

Аңдатпа

Бұл мақала жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіби мотивациясы ерекшеліктерінің көріністеріне мәдени құндылықтардың әсерін зерттеуге арналған.

Жоғары оқу орындары оқытушылары – Ресей, Қазақстан азаматтары мен жоғарғы рейтингтегі жоғары оқу орындарына шақырылған экспаттардың кәсіби мотивациясы ерекшеліктерінің көрінісі олардың мәдени ерекшеліктерімен анықталады деген болжамға сүйене отырып, қолданбалы зерттеу жүргізілді. Зерттеуді жүргізу үшін америкалық психолог Г. Хофстед жасаған «VSM-13 Халықаралық сауалнама» (Құндылықтарды зерттеу модулі) әдістемесі қолданылды.

Жүргізілген зерттеу бойынша қазақстандық оқытушыларда – ұжымшылдық, билік арақа- шықтығы және белгісіздікке жол бермеу сияқты мәдени құндылықтар жоғары көрсеткіштерге ие деген қорытындыға келді. Оларға жеке мақсаттардан гөрі топтық мақсаттардың басым болуы тән, олар мықты байланысты және біріккен топтарға көбірек қызығушылық танытады.

Ресей педагогтарында келесі мәдени құндылықтар – индивидуализм, билік арақашықтығы бойынша жоғары көрсеткіштер бар. Олар үшін жеке мақсаттардың маңыздылығы топтық мақсаттардан кем емес, ресейлік оқытушылар топқа деген адалдығы үшін жауап беретін белгілі бір топтарға бірігуге тырысады. Экспаттар болашаққа ұзақ мерзімді бағдарымен сипатталады, бұл кейінгі ұрпақтың өмірінде аяқталатын кейбір жобаларға жүйелі ұзақ мерзімді инвестицияларынан көрінеді. Сонымен бірге, экспат педагогтар ұқыпты, мақсатқа жетуде табанды.

Түйін сөздер: мәдени құндылықтар, кәсіби мотивация, жоғары оқу орындарының оқытушылары, экспаттар, индивидуализм, ұжымшылдық.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-24