Адамның жеке тұлғалық құрылымына қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсері

Авторлар

  • Г. С. Турсунгожинова Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
  • В. П. Гармашова Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
  • Ш. Ш. Абишева Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
  • О. Г. Беленко Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

DOI:

10.26577/JPsS.2019.v71.i4.06

Аңдатпа

Аңдатпа. Бұл мақалада кейбір жеке тұлғаның типтік үлгісін ядролық қаруды сынаудан кейінгі психологиялық салдарлар қалыптастыратындығы туралы айтуға мүмкіндік беретін мәселелер қарастырылған. Оны негізінен соматикалық шағымдарда көрінетін ұзақ дистресс сипаттайды. Бұл модель созылмалы формаға айналады. Радиоэкологиялық стресс жағдайында адамдарда психологиялық қорғаныс механизмдері бұзылып және күйзелу, депрессия, абыржу жағдайлары пайда болады. Оларда адаптациялық-бейімделу мүмкіндіктері төмендейді, өмірлік қызығушылық аймағы тарылады, тұлғааралық өзара қарым-қатынастар жүйесі бұзылады. Адамның өмірлік іс-әрекетінің бейімделуін бұзатын ригиттілік, агрессия, мазасыздық сияқты жеке тұлғалық сипаттар пайда болады және экологиялық факторлардың әсерінен жеке тұлға құрылымында өзгерістер болатынын иондаушы радиацияның жалпы тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне әсерін зерттеуге арналған әдеби деректерді талдау көрсетті. Зақымдаушы факторлар адамдарға бір сәтте әсер етпейді, керісінше ұзақ уақыт бойы әсер етеде. Кейбір авторлар экологиялық радиациялық апаттан кейін пайда болатын психикалық ауытқушылық физикалық факторлардың тікелей немесе жанама әсерінің есебінен ғана емес, тікелей апат әсерімен байланысты соматопсихиялық немесе психосоматикалық механизмдердің салдарынан қалыптасады деп санайды. Түйін сөздер: қоршаған ортаның қолайсыз факторлары, мазасыздық, психоэмоционалдық стресс, әлеуметтік-психологиялық шиеленіс, депрессия, экологиялық сана.

Автор өмірбаяндары

  • Г. С. Турсунгожинова, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

    психология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а

  • В. П. Гармашова, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

    магистрант

  • Ш. Ш. Абишева, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

    аға оқытушы

  • О. Г. Беленко, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

    психология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-01-30