Латын әліпбиіне көшу: қазақ тілінің түпнұсқалығының ерекшелігі
Аннотация
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Жолдауда латын әліпбиіне көшу туралы білім өзекті болды. Латын әліпбиіне көшудің академиялық дискурсы ұзақ уақыт бойы жалғасуда. Қазақстан қоғамының әртүрлі әлеуметтік топтары арасында қарама-қайшы әсер тудыратын, күрделі үрдіс болып табылады. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстандық журналистер орыс алфавитінің негізінде қазақ әліпбиінен латын алфавитіне көшу бойынша жұмыстар жазды. Сол кезде кей ғалымдар көне түрік жазуын қолдаса, кейбіреулері Қытай, Моңғолия, Иран, Түркия, Ауғанстан мемлекеттерінде тұрып жатқан қандас бауырларымыздың араб жазуына негізделген қазақ жазуын қолданып жүргенін ескеріп, араб графикасына негізделген қазақ жазуын қолдаған болатын. Дегенмен де, сол кездің өзінде-ақ латын жазуына негізделген әліпбиді қолдағандар басымырақ болғаны жасырын емес. Қазақ тілін латын графикасына көшіру өркениетті елдердің қатарына кірудің жаңа векторы, қазақ тілінде дыбыстық жүйелерді анықтау және қазақ тілінің жазуынан артық сөздерді қысқарту. Латын әліпбиіне көшу қазақ халқының рухын дамытуға, оның өркендеуіне және болашақта біздің еліміздің жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Ең бастысы ұлттық жаңа әліпбиді оңтайлы енгізудің жолындағы Елбасымыздың сындарлы саясатының сәтті орындалуында. Төл тіліміздің мәртебесін көтеруге, тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыратын ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға бағытталған әліпби реформасына деген халықтың оң көзқарасының қалыптасуында.
Түйін сөздер: латын әліпбиі, түпнұсқалығы, тілдің идентификациясы, тілдік код, алфавит.