ДЕНСАУЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР САПАСЫНЫҢ ИНДИКАТОРЫ РЕТІНДЕ
Аңдатпа
Қазақстан Республикасындағы позитивті əлеуметтік өзгерістер заманауи əлемнің тенденцияларымен қатар келе жатыр, сонымен бірге, ұлттық жəне аймақтық ерекшеліктер сақталынған. Осы үрдістің маңызды факторлары мен негіздері Қазақстан Республикасы Елбасының кітабында айқындалған.Қоғамдық құрылымда жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің негізгі мақсаты – маңызды элементтерінің бірі қоғамдық денсаулық болатын халықтың өмір сапасын жоғарылату.









