Қоғам тұрақтылығы контекстіндегі діни сананың маңыздылығы.
Кілттік сөздер:
қоғамдық сана, дін, діни сана, сенім, діни сезімдер, атеизм, тылсым күш, қоғам тұрақтылығы.Аннотация
Бұл мақалада дін әлеуметтік құбылыс және әлеуметтік сананың ең күрделі түрі ретінде қарастырылады. Осының негізінде діни сананың қоғам және адам өміріндегі алар орны көрсетілген. Сенім, сезім және үміт діни сананың бастамасы ретінде көрініс табады.
Қоғамның жұмыс істеуінің және дамуының маңызды саласы болып оның рухани өмірі табылады. Ол адам өмірінде жағымды рухани атмосфераны және жақсы психологиялық-адамгершіліктік климатты қалыптастырады. Қоғамның рухани өмірінің негізін рухани іс-әрекет құрайды. Оны адамның белгілі бір ойлары мен сезімдері, табиғи және әлеуметтік құбылыстар туралы түсініктер мен бейнелер ретінде туындайтын сананың іс-әрекеті ретінде қарастыруға болады. Бұл іс-әрекеттің нәтижесі ретінде адамдардың әлемге, ғылыми идеялар мен теорияларға, адамгершіліктік, эстетикалық және діни танымдарға деген белгілі көзқарастары көрініс та- бады. Олар адамгершіліктік қағидалар мен мінез-құлық ережелерінен, халықтық және кәсіби шығармашылық туындылардан, діни рәсімдерден, салт-жоралардан және т.б. байқалады.
Діннің барлық әлеуметтік институттар сияқты салыстырмалы тұрақты және консервативті білім екендігіне қарамастан, ол қоғамдық тұрмыстың өзгермелі жағдайларына бейімделгіш болып келеді. Ғылыми-техникалық прогрестің өсімімен, әлеммен байланыстылығы, қоғамның өмір тіршілігінің түрлі салаларындағы жаhандық трансформацияларымен сипатталатын қазіргі кезең діни салаға өзіндік әсерін тигізді. Діннің сыртқы бейнесі алғашқы кейпінде сақталған болса, ал сана тұрғысында ол біршама өзгерістерге ұшырады.
Діни сана мәселесінің өзектілігі бірнеше объективті факторлардан туындайды. Әлемнің барлық елдерінде дінге сенушілердің көп болуына қарамастан, діни сананың күшімен шешілмейтін көптеген қарама-қайшылықтар туындап жатыр. Діни сананың негізінде діни идеологияның негізгі элементі болып табылатын діни сенім, діни оқуларға толық сенім білдіретін бір Құдайға сенуге негізделген тылсым күштерге ие құбылыстарға деген сенім қалыптасады.
Өзін түбегейлі өзгертуші, ішкі және сыртқы қиын жағдайларда жаңа мемлекеттілікті қалыптастыратын қазақстандық қоғам үшін ұрпақтар жалғастығы мен жас ұрпақты осы процеске ендіру мәселелері қоғамдық мақсаттарға жету жолында маңызды шешім болып табылады. Дінге артылатын үміттер көп жағдайда ақталмайды: түрлі діндердің ғасырлар бойы орын алып келе жатқандығына қарамастан, жер шары тұрғындарының басым бөлігі дінге сенбейді.
Мақалада Э. Дюркгейм, К. Маркс, Ф. Энгельс, Д. Бонхеффер, И. Кант және т.б. ғалымдардың көзқарастарына талдау жасалынады. Қазіргі таңда қоғамның діни сана мәселесі өзекті болып қала береді.
Библиографиялық сілтемелер
2. Дюркгейм Э. О разделении общественного труда. – М., 1996 – 236 б.
3. Гараджа В.И. Социология религии. – М.: Аспект Пресс, 1996. – 374 б.
4. Аберкромби Н., Хилл С., Тернер Б.С. Социологический словарь, 2008.
5. Социальная философия. Учебник для вузов. Издание 4. – М., 1998.
6. Белла Р. Социология религии //Американская социология религии: перспективы, проблемы, методы.
7. Электрондық ресурс: http://libsib.ru/sotsiologiya-religii
8. Введение в курс философии / под ред. Файзуллиной Ф.С. – Уфа: УГАТУ, 1996.
9. Электрондық ресурс: http: //sireo.narod.ru
10. Мень А. История религии. В 7 томах. – М., 1991.
11. Яковенко И.А. Основные подходы, принципы и методы исследования религиозного сознания // Общество и право.
№ 5 (37). – Краснодар: Краснодарский университет МВД РФ, 2011.
1. http://bibliofond.ru
2. Durkgeim E. О razdelenii obshestvennogo truda. – М., 1996 – 236 s.
3. Garadzha V.I. Sociologiya religii. – М.: Аspect Press, 1996. – 239 s.
4. Aberkrombi N., Hill S., Тerner B.S. Sociologicheski slovar’, 2008.
5. Social’naya filosofia. Uchebnik dlya vuzov. . Izdanie 4. М., 1998;
6. Bella R. Sociologiya religii //Amerikanskaya sociologiya Perspektivy, problemy, metody.
7. http://libsib.ru/sotsiologiya-religii
8. Vvedenie v kurs filosofii / рod red. Faizullina F.S. – Ufa: UGATU, 1996.
9. http://sireo.narod.ru
10. Men’ А. Istoriya religii. V 7 tomah. – М., 1991.
11. Yakovenko I.A. Osnovnye podhody, principy i metody issledovaniya religioznogo soznaniya. // Obshestvo I pravo. № 5 (37).
– Кrasnodar: Krasnodarski universitet MVD RF, 2011.