ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: НЕКЕ-ОТБАСЫ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v90.i3.06
        141 83

Аннотация

Гендерлік теңдік пен әділеттілік мәселелері бойынша жаңа ұстанымдардың пайда болуы әлеуметтік либерализм мен экономиканы қайта құру жағдайында туындайтындықтан, ерлер мен әйелдердің теңдігін қамтамасыз етуге қызмет етеді. Сонымен қатар, олар балалардың тууы мен тәрбиесіне жаңа көзқарастардың пайда болуын жеңілдетеді және отбасы институтының трансформациясын жеделдетеді. Неке-отбасы қатынастарындағы жаңа ұстанымдар мен ұрпақтар сабақтастығын үйлестіру әлеуметтанулық талдауды қажет ететін өзекті мәселе.

Мақала авторлары отбасы институтындағы өзгерістерді түсіндіруге бағытталған әлеуметтанулық теориялық және әдістемелік тұжырымдамалар жүйесіне талдау жүргізді және «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ жүргізген «Қазақстандық отбасы – 2022» тақырыбы бойынша  әлеуметтанулық зерттеу деректеріне (іріктеме – 1 200 адам) қосалқы талдау жүргізді. Осы кешенді бағыт Қазақстандағы неке-отбасы қатынастарында болып жатқан өзгерістерді анықтауға және талдауға мүмкіндік берді.

Талдау нәтижелері қазақстандық тұлғалардың отбасына деген көзқарасы мен ұстанымы белгілі дәрежеде консерватизммен сипатталатынын көрсетті. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жоғары бағалайтынын және оларды сақтауға ұмтылатынын көрсетеді. Дегенмен, қазіргі отбасы үшін ең маңызды құндылық – қамқорлық пен өзара сыйластық, сонымен қатар қазіргі жағдайда «отбасындағы тұрақты қарым-қатынас» деп атайды.

Отбасы институтының трансформациясын тұжырымдамалық талдау және оны әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері арқылы тәжірибеде интерпретациялау мемлекеттік құрылымдар мен ғылыми-зерттеу институттарына неке-отбасы қатынастарын реттеуде ұсыныстар әзірлеуде теориялық және әдіснамалық шешімдерді қалыптастыру әлеуетіне ие.

Түйін сөздер: отбасы институты, отбасының трансформациясы, институттық бағыт, деинституционализация, диверсификация, институционалды логика, квир-теория.

Авторлардың биографисы

А. Иманқұл, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

(корреспондент автор) - әлеуметтану мамандығының 2-курс докторанты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан, e-mail: akadirbekovab@gmail.com

Б. Смағамбет, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, әлеуметтану кафедрасының доценті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан, e-mail: smagambetb@gmail.com

Жүктелулер

Как цитировать

Иманқұл, А., & Смағамбет, Б. (2024). ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: НЕКЕ-ОТБАСЫ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 90(3), 76–89. https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v90.i3.06