ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ ДІНИ СЕНІМНІҢ КОНТЕКСТІНДЕ

Авторлар

  • R.Sh. Sabirova Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан Республикасы, Қарағанды https://orcid.org/0000-0001-6676-1986
  • R.T. Alimbayeva Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан, Қарағанды https://orcid.org/0000-0001-6577-1445
  • G.B. Kapbasova Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан, Қарағанды
  • E.A. Lazareva Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан, Қарағанды https://orcid.org/0000-0003-4317-0926
  • G.A. Kapasheva Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан, Қарағанды https://orcid.org/0000-0002-2053-5892

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v87.i4.06
        233 206

Аннотация

Мақала жастардың психологиялық салауаттылығының діни сенімдерінің контекстінде зерттеуге арналған. Зерттеу мақсаты жастар арасында психологиялық салауаттылықтың деңгейімен діндарлықтарының арасындағы айырмашылықтарды тексеру болып табылады.

Зерттеудің негізгі идеясы ғылыми және практикалық маңыздылығын анықтай түсетін жастардың қазіргі заманның өзгермелі жағдайында психологиялық салауаттылығының түрлі көрсеткіштерін зерттеумен өзектілігін ұштастырады, оған дәлел осы мәселе бойынша шет елдік әдебиеттердің көптілігі және бұл зерттеулерде діни сенімді психологиялық салауаттылықтың маңызды факторы ретінде қабылдаумен көрінеді. Зерттеу барысында К.Риффтің психологиялық салауаттылықтың көпөлшемді моделін зерттеу анкетасы Т.Д.Шевеленкова және П.П.Фесенко орыс тілде бейімдеген нұсқасы, Краскал-Уоллистің параметрикалық емес бір факторлы дисперсионды талдауы статистикалық мәнді айырмашылықты анықтау мақсатында және де бірқатар теоретикалық әдістер пайдаланылды. Таңдаманы 18 ден 28 жас аралығындағы қазақстандық жастар құрады 733 адам. Зерттеудің негізгі нәтижелері К.Риффтің психологиялық салауаттылық көрсеткіткіштерін талдау және түсіндіру арқылы қол жеткізілді: жағымды қатынастар, автономия, қоршаған ортаны басқару, тұлғалық өсу, өмірдегі мақсаттар, өзін-өзі қабылдау. Авторлар жастардың психологиялық салауаттылықтарының деңгейімен дінге сенетіндерінің, сенбейтіндерінің, белгіленбегендерінің арасында айырмашылықтардың бар екенін түйіндейді. Жүргізілген зерттеудің құндылығы оның жаңашылдығында, қазақстандық жастардың психологиялық салауаттылығы діни сенім контекстінде зерттелмегендігінде.

Авторлардың отандық психологияға осы зерттеудің негізінде енгізген үлесі психологиялық салауаттылықты діни сенім контекстінде әлемдік тәжірибеге талдау жасалынып, сондай-ақ эксперименталды берілгендер ұсынылып талданды, осының барлығы келесі зерттеулердің алғы шарты болуына ықтимал. 

Түйінді сөздер: психологиялық салауаттылық, К.Рифф әдістемесі, анкеталау, қазақстандық жастар, діни сенім.

Жүктелулер

Как цитировать

Sabirova, R. ., Alimbayeva, R. ., Kapbasova, G. ., Lazareva, E. ., & Kapasheva, G. . (2023). ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ ДІНИ СЕНІМНІҢ КОНТЕКСТІНДЕ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 87(4), 50–63. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v87.i4.06