ФЕМИНИСТІК МАРШТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v86.i3.09
        160 123

Аннотация

Мақалада әйелдер қозғалысының қалыптасу үдерісі феминистік шерулерді өткізудегі халықаралық және қазақстандық тәжірибе призмасы арқылы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы әйелдер қозғалысының қалыптасу процестерін жақсырақ түсіну үшін феминистік шерулердің тарихын, ұлттық және шетелдік тәжірибесін салыстырмалы талдау. Мақалада феминистік марштың өзінің пайда болу кезеңіндегі төрт биік толқындары сипатталған. Сонымен қатар, қазақстандық тәжірибедегі әйелдер маршының басқа елдердің мысалында салыстырыла отырып, белгілі бір елдің саясатына байланысты феминистік қозғалыстарға деген сақтық қарым-қатынасы, сонымен қатар әйелдер құқықтарын қамтамасыз етудегі мәселелері көтерілді.

Зерттеудің әдістемелік негізі ретінде салыстырмалы талдау, әлеуметтанулық зерттеу әдістері бұқаралық ақпарат құралдарын контент-талдау, тереңдетілген сұхбат, сауалнама әдістері қолданылды. Бұл шетелдік және қазақстандық феминистік марштың даму тарихын, әр түрлі мемлекеттердің саясатына байланысты жалпылай және айрықша ерекшеліктерін анықтауға, ал сұхбат әдісі Қазақстандағы феминизмнің қазіргі жағдайы мен марш ұйымдастырудағы мәселелер жайында ақпараттар алуға мүмкіндік берді.

Жұмыстың негізгі нәтижелері бойынша, авторлар тек феминистік қозғалыс пайда болғаннан бастап әйелдердің құқықтарын үнемі және жүйелі түрде қорғады, ал қозғалыстың нәтижелілігі (атап айтқанда, қазіргі уақытта және ХХ ғасырдың басында әйелдерге экономикалық, азаматтық және саяси құқықтарды, ең алдымен сайлау құқығын беру) феминистік қозғалыстың қоғамдық-саяси өмірде маңызды рөл атқарғанын тұжырымдайды. Сондай-ақ талдау қазақстандық феминистік марштарды ұйымдастыруда саяси билік тарапынан толыққанды қолдау болмайтындығын және марштар өткізуге рұқсат алудың өзі үлкен күш пен қажырлы еңбекті талап ететінін көрсетті. Зерттеудің практикалық маңыздылығы зерттеуде алынған тұжырымдарды әйелдердің қоғамдық-саяси ұйымдарының жұмысында, әйелдер қозғалысының тарихы бойынша отандық тарих, саясаттану және әлеуметтану курстарын дайындауда қолдануға болатындығымен анықталады.

Түйін сөздер: гендер, феминизм, феминистік марш, әйелдер қозғалысы, халықаралық тәжірибе, саясат.

Жүктелулер

Как цитировать

Karimova, Z. K., & Kaldybek, S. T. (2023). ФЕМИНИСТІК МАРШТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ТАЛДАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 86(3), 94–114. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v86.i3.09