Ер адамның инфертилдік тәжірибесі: ерлер көзқарасын әлеуметтанулық талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v84.i1.08Аннотация
Әлеуметтануда инфертилдікке қатысты заманауи зерттеулер негізінен әйелдерге бағыттал-ғандықтан, ерлерді фертилдік теңдеуден алып тастайды, дегенмен, зерттеулер көрсеткендей, ер адамдар да инфертилдіктен зардап шегеді, бірақ ерлерге арналған зерттеулер жеткіліксіз, себебі отандық әлеуметтанулық зерттеулерде ерлер тұрғысынан инфертилдік тәжірибесі туралы өте аз зерттелген. Мақалада ерлер тұрғысынан инфертилдік тәжірибені Қазақстандағы 26-52 жастан асқан мәжбүрлі баласыз он үш ер адам «қар ұшқыны» әдісі негізінде таңдалып, жүргізілген терең сұқбатты талдау арқылы ерлер инфертилдігіне ықпал еткен мәселелер қарастырылды. Зерттеудің мақсаты ерлердің репродуктивтік денсаулығындағы өзекті мәселелерді анықтай отырып, ерлердің баласыз болуының әлеуметтік және тарихи тамырын жақсырақ түсінуге үлес қосу. Зерттеудің маңыздылығы мақалада ұсынылған деректер ғылыми және жаңа, өйткені отандық әлеуметтануда бұған дейін репродуктивті жастағы ерлердің мәжбүрлі баласыз болу себептерінің әлеуметтік қыры аз зерттелгендіктен, мәселені тереңірек түсіну үшін ерлердің инфертилдік тәжірибесін зерттеу маңызды.
Осылайша, ерлер инфертилдігі әртүрлі әлеуметтік факторлармен тығыз байланысты, сондықтан отандық әлеуметтануда инфертилдіктің отбасы мен қоғамға ықпалын көрсету үшін әлеуметтік зерттеулер мен денсаулықты күтудің басымдықтарын қайта бағалауы керек.
Түйін сөздер: әлеуметтану, инфертилдік, белсіздік, мәжбүрлі баласыздық, баласыздыққа апаратын жол, әлеуметтік стигма, ерлер денсаулығы.