ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛГБТ+ ДЕГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАС

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v82.i4.06
        449 253

Аннотация

Мақала ЛГБТ+ өкілдеріне деген әлеуметтік көзқарасты зерттеуге, сондай-ақ қазақстандық қоғам тарапынан оң немесе теріс қатынасқа ықпал ететін факторларды анықтауға арналған. Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде қоғамның ЛГБТ+ адамдарға деген көзқарасы бірте-бірте өзгеруде және әлемнің түрлі елдерінде қоғамның гомосексуалдылық пен трансгендерлікке деген көзқарасы бойынша көптеген зерттеулер жүргізілуде. Дегенмен, Орталық Азия елдерінде гомофобияның жоғары деңгейіне байланысты қоғамның ЛГБТ+ қауымдастығына деген көзқарасы жағымсыз. Бұл зерттеудің мақсаты – қазақстандықтар арасында ЛГБТ+ бейнесі мен көзқарасының қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу, сонымен қатар ЛГБТ+-ны оң қабылдауға ықпал ететін себептерді анықтау. Зерттелетін тақырыпты толық түсіну және мақсаттарымызға жету үшін сауалнама әдісі арқылы, қатысушылар арасында сандық зерттеу жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері бойынша авторлар қазақстандық қоғамдағы ЛГБТ+ феномені ізгілікті және позитивті көзқарастардың жеткілікті жоғары пайызына қарамастан, әлі де болса әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз екендігі жайлы тұжырымдайды. Бұл зерттеушілер мен сарапшылардың бұрын айтылған тұжырымдарын растайды. Сондай-ақ талдау ЛГБТ+ құқықтарын қорғайтын ұйымдар мен бастамалардың хабардар болуының төмен пайызын көрсетті, бұл ұйымдармен танысу және қоғамдық-саяси кеңістіктегі қызмет нәтижелерін ұсыну үшін аудиторияны қамтуды арттыру мәселесін туындатады. Осыған қарамастан, туыс, дос, таныс араларында ЛГБТ+ өкілдерінің болуы және оларға деген көзқарас мәртебесі арасында статистикалық маңызды байланыс анықталды. Нәтижесінде, ЛГБТ+ өкілдерімен тікелей әрекеттесу түрлі теріс қалыптасқан наным мен стереотиптердің төмендеуіне әсер етеді. Алынған деректер қоғам көзқарастары мен гендерлік сәйкестік пен сексуалдық бағдардың қазақстандық шындықтағы арақатынасы туралы түсінігімізді кеңейтіп, мейірімділік немесе теріс көзқарастардың қалыптасуына ықпал ететін факторларды түсіндіреді. Дегенмен, жинақталған деректердің шектеулі көлемі, Қазақстандағы ЛГБТ+ көзқарасының толық бейнесін көрсете алмайды және болашақ зерттеулерде қатысушыларды репрезентативті іріктеу қажет.

Түйін сөздер:  көзқарастар, ЛГБТК+, сәйкестік, құндылықтар, зорлық-зомбылық.

Жүктелулер

Как цитировать

Kospakov, A. M., Kylyshbayeva, B. N., & Uyzbayeva, A. A. (2023). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛГБТ+ ДЕГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАС. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 83(4), 60–70. https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v82.i4.06