Қазақстан жастарының діни және азаматтық белсенділігінің потенциалды байланысы мен ықтималды қайшылықтары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v82.i3.07
        221 281

Аннотация

Бүкіл әлемде діннің азаматтық белсенділіктің оң және теріс өсуіне ықпал ететін құрал ретіндегі рөлі жалпыға бірдей танылған. Жастардың дінге деген қызығушылығының артуы қазақстандық жастардың діндарлығының азаматтық қоғамды дамытудың қазіргі заманғы үрдістерімен өзара іс-қимыл жасау, жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын айқындау және оның әлеуметтік-саяси өзгерістерге қатысу проблемаларын өзектендіреді.

Жалпыұлттық өкілдік сауалнаманың деректерін, сондай-ақ қол жетімді қосалқы деректерді қолдана отырып, жастардың діндарлығы мен азаматтық белсенділік арасындағы ықтимал байланыс пен мүмкін болатын қайшылықтарды сипаттамалық cтатистика, конъюгация кестесі және статистиканың хи-квадраты әдістерін қолдана отырып талданады.

 

Жастар діни білімді терең түсіну мақсатын көздемейді, өйткені олар дінді дәстүр мен мәдениеттің бір бөлігі ретінде ғана қабылдайтына көз жеткіздік. Мүмкін, сыртқы трендтік әуестіктер мен ұстанымдармен таңылады, және діндарлық Қазақстан жастарының басым көпшілігіне белсенді азаматтық ұстанымның негізі болып табылмайды. Қазақстан жастарының діндарлығы мен азаматтық белсенділігі арасындағы байланысты зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жастардың көпшілігінің түсінігінде дін мен саясаттың аражігі ажыратылмайды. Қосалқы деректерді қолдана отырып, біз діннің азаматтық белсенділік пен саяси қатысуға әсерін дискурсивті деңгейде қарастырамыз. Біз барлық діни шараларды сақтау жастардың тәртіптілігін, жауапкершілігін, өз халқының дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуін көрсететін саналы әрекет болып табылатындығын мойындаймыз, және оны қоғамдық өмірде айқын да, жасырын да ресурс ретінде деп қарастырамыз. Қазақстан зайырлы қоғам жағдайында діни жастардың белсенді азаматтық әлеуетін терең түсіну үшін қысқаша ұсыныстар келтірілген.

Кілт сөздер: жастар; діндарлық; діни бірегейлік; азаматтық белсенділік, саяси қатысу.

Жүктелулер

Как цитировать

Maulsharif, M., Rakhimbekova, B., & Seisebayeva, R. (2022). Қазақстан жастарының діни және азаматтық белсенділігінің потенциалды байланысы мен ықтималды қайшылықтары. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 82(3), 71–82. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v82.i3.07