Қазақстан Республикасында мидың біржола семуі жағдайындағы ағза донорлығының әлеуметтік аспектісін статистикалық талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.018Аннотация
Мақалада Қазақстан Республикасындағы мидың біржола семуі анықталған жағдаяттағы ағза донорлығының әлеуметтік мәселесі қарастырылған. Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасында мидың біржола семуі анықталған жағдайдағы ағза донорлығының әлеуметтік аспектілерін статистикалық, салыстырмалы талдау жүргізе отырып талдау. Мақаланың теориялық негізін «альтруистік қатынастар», «сый экономикасы», «сый алмасу», «мұраға қалдыру» тұжырымдамалары құрайды. Зерттеу тақырыбына статистикалық талдау жүргізуде ҚР ДСМ
«Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының статистикалық бөлімінің мәліметтері, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттар базасы қолданылды. Аталмыш мәліметтер негізінде республика бойынша күту парақшасындағы адамдар санын, оның ішінде күту парақшасында ағза мүшесін мұқтаждықпен қайтыс болған адамдар саны, ми өлімі анықталған жағдайдағы донор болған адамдар саны мен тірі адамдардың донор болған саны қарастырылған. Қоғам үшін ми өлімі анықталған донорлардың күту парақшасындағы адамдар өмірі үшін маңызы мен рөліне баға берілді. Мидың біржола семуі анықталған жағдайдағы донор мен реципиент қатынасы, ҚР ми өлімі анықталған жағдайдағы донорлар санының төмендігінің себептері талқыланды. Сонымен қатар, мультиоргандық донорлықтың қоғам үшін маңыздылығы мен пайдасы қарастырылды.
Түйін сөздер: мидың біржола семуі, мульти – орган доноры, «Евротрансплант» моделі, координациялық орталық, күту парақшасы, әлеуетті донор.