Жас жалғызбасты аналарды әлеуметтік қолдау саласындағы отандық және халықаралық тәжірибелерді талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v80.i1.07
        116 131

Аннотация

Бұл мақалада жалғызбасты жас аналарды әлеуметтік қолдау бағытындағы біздің елдегі және бірқатар шет елдердегі атқарылып жатқан шаралар талданады. Жалғызбасты аналар, олардың ішінде жас аналарды әлеуметтік қолдау – бұл әрбір мемлекеттің отбасылық саясатының бір тармағы болуы тиіс, себебі жас аналар дүниеге некесіз бала әкелумен туындайтын қаржылық, моральдық және тағы басқа жағдайларды өздігінен жеңуге қауқарсыз келеді. Осындай аналарға әлеуметтік қолдау көрсету барысын зерделеу, сонымен қатар ерте жүктілік, жасөспірім жаста ана атану, әлеуметтік жетімдік мәселелерінің алдын алу жұмыстарын жүргізудің өзекті қажеттілігін де айқындайды.

Мақаланың негізгі мақсаты – біздің еліміздегі жалғызбасты аналарды әлеуметтік қолдау жұмыстарын салыстыру, осы бағыттағы жұмыстардың іске асырудағы тиімді шараларды анықтау болып табылады. Мақаланы зерттеу әдісі отандық және шетелдік ғылыми зерттеу материалдарын талдау, сауалнамалар, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми статистикалық көрсеткіштері алынды. Зерттеуге

«Ана үйінде» және басқа дағдарыс орталықтарында уақытша тұратын 33 жалғызбасты жас аналардан сауалнама алынды.

Мақалада жас аналарға қаржылық қолдау көрсетумен бірге оларды психологиялық сүйемелдеу, психоэмоционалды жағдайын тұрақтандыру, қоршаған ортаға қайта бейімдеу және тағы басқа әлеуметтік бағыттардағы мәселелерді шешуде Қазақстан, Ресей, Франция, Норвегия, АҚШ, Жапония, Қытай және тағы басқа бірқатар елдердегі жұмыстар салыстыра талданады. Жүкті қыздар мен жас жалғызбасты аналарға әлеуметтік қолдауды талдау нәтижелері көмек қажет екенін және әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі мәселені шешу қажеттілігін көрсетеді, нәтижесінде бұл мәселенің алдын алу шаралары ұсынылады.

Түйін сөздер: жас жалғызбасты аналар, ерте жүктілік, түсік жасату, әлеуметтік қолдау, социореадаптациялау.

Жүктелулер

Как цитировать

Yelamanova, A. S., & Avsydykova, K. A. (2022). Жас жалғызбасты аналарды әлеуметтік қолдау саласындағы отандық және халықаралық тәжірибелерді талдау. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 80(1), 78–90. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v80.i1.07