Жүйелік тәсіл және пандемия кезіндегі психологиялық зерттеулер
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.02Аннотация
Психология ғылымында пандемияға байланысты зерттеулер желісі (ковид-19) танымал болып келеді. Осыған байланысты, соңғы шетелдік дереккөздер негізінде жүргізілген осындай зерттеулердің мәселелеріне теориялық талдау жүргізу өзекті болып табылады. Мұндай талдаудың жаңашылдығы өзін жүйелендіру мен деректерді жіктеудің сенімді әдіснамалық негізі ретінде дәлелдеген жүйелік психологиялық тәсілді қолданумен байланысты. Бұл мақаланың мақсаты
– пандемиялық жағдайда адамның мінез-құлқы туралы эмпирикалық деректерге жүйелік психологиялық талдау жүргізу. Пандемия мәселелерін талдау үшін эмпирикалық мәліметтер әр түрлі елдерде жарияланған үйде болу талаптарын орындау үшін адамның мінез-құлқы жөніндегі ауқымды халықаралық жобаны жүзеге асырудан алынды. Бұл зерттеу үкіметтің пандемияға қатал реакциясына қарамастан, мінез-құлқында жеке айырмашылықтар бар екенін анықтады. Алайда Үлкен Бестік тұлға қасиеттерінің барлығы бірдей мінез-құлыққа әсер ете бермейді. Үкімет пен жалпы қоғам қабылдаған шаралар, ең алдымен, адамның жеке тұлға және қызмет субъектісі ретіндегі жеке ерекшеліктерімен байланысты болуы керек, дәл солар оның COVID-19- ға қатысты ақпаратты қабылдауын қалыптастырады.
Қазақстандық оқырманға пандемия, оның психологиялық аспектілері туралы соңғы дереккөздерді эмпирикалық психологиялық зерттеулерде қолдануға болады, өйткені оларда нақты эмпирикалық жұмыстың гипотезалары, процедуралары мен қорытындылары сипатталған. Осы мәселе бойынша авторлар ұсынған дереккөздерді таңдау қазақстандық зерттеушілер үшін үлкен қызығушылық тудырады.
Түйін сөздер: психология, пандемия, тұлға қасиеттері, жүйелік талдау, соңғы зерттеулер.